Түркістан – елдің аграрлық жүрегі, жаңа өндіріс пен тұрақты экономикалық өсімнің өңірлік орталығы десек артық айтқанымыз емес. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы аясында агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) жаңғырту, отандық өңдеу өнеркәсібін ілгерілету және ауылдық аумақтардың экономикалық әлеуетін арттыру мемлекеттік саясаттың ең басты басымдықтарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысы өз Жолдауларында шикізаттық емес секторды дамыту, өнімді терең өңдеу, қосылған құны жоғары өндірістер тізбегін құру және ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, экспорттық әлеуетті еселеп арттыру жөнінде нақты міндеттер жүктеген болатын.
Осы стратегиялық тапсырмаларды жүзеге асыруда оңтүстік өңір, соның ішінде Түркістан облысы ерекше орын алады. Өзінің геостратегиялық орналасуы, қолайлы климаттық жағдайы, мол еңбек ресурстары және бай аграрлық дәстүрі арқасында Түркістан облысы бүгінде заманауи агроиндустриялық өңірге айналып келеді. Облыста дәстүрлі ауыл шаруашылығы тәсілдерінен бас тартып, заманауи технологияларға, индустриялық кластерлерге және терең өңдеу цикліне негізделген жаңа экономикалық модель қалыптасуда.
Бүгінгі таңда Түркістан өңірінде жалпы құны жүздеген миллиард теңгені құрайтын ауқымды реформалар мен жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Соның ішінде ең басты стратегиялық бағыт – өңір экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналатын үш ірі стратегиялық кластерді қалыптастыру. Атап айтқанда, мақта-тоқыма кластері (шикізаттан дайын тігін және джинсы өнімдеріне дейін), жүгері кластері (ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу және биотехнология) және ет кластері (индустриялық мал шаруашылығы, бордақылау және құс еті өндірісі).
Үш стратегиялық кластер толық қуатында жұмыс істей бастаған кезде, 2027 жылға қарай Түркістан облысында қосымша 447,5 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жоспарланып отыр. Бұл жай ғана цифрлар емес, бұл – мыңдаған жаңа жұмыс орындары, ауыл тұрғындарының әл-ауқатының артуы, импортқа тәуелділікті төмендету және Қазақстанның агроэкспорттық қуатын жаңа деңгейге көтеру.
Түркістан облысы ежелден мал шаруашылығына қолайлы өңір. Алайда, заманауи талаптарға сай ет өндірісі сапалық жаңа деңгейге көтерілуді талап етеді. Ет кластері аясында мал бастарын көбейту, оларды өнеркәсіптік негізде бордақылау, халықаралық «Халал» стандарттарына сай сою, өңдеу және дайын ет өнімдерін шетелдік нарықтарға шығару міндеттері шешілуде.Ірі ет өндіру кешендері мен өндірістік көрсеткіштер өңірде ет өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында жүйелі түрде өндірістік қуаттар іске қосылуда. Қазіргі таңда облыста «Kaz Eco Meat», «Turkestan Agro», «Қарқын Трейд», «Бесқара» сияқты ірі ет өндіру кешендері сәтті жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Созақ ауданының үлесіне тоқталар болсақ, ауданда ауыл шаруашылығының жетекші саласы – ет және сүт өндіру болып табылады. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мал шаруашылығы кооперативтер қолдау табуда. Мәселен, Шолаққорған ауылында «Созақ ет комбинаты» жұмыс істейді.
Созақ ауданы – Түркістан облысының экономикалық әлеуеті жоғары, табиғи ресурстары мен өндірістік мүмкіндіктері мол аймақтарының бірі. Кең байтақ жерді алып жатқан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен өнеркәсіп, тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инвестиция тарту және инфрақұрылымды дамыту бағыттарымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары ауданда экономиканың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға, өндіріс көлемін арттыруға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Өңірдегі инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер жетерлік. Ауданға қарасты елді мекендер 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, өткен жылы Созақ ауданында магистральды газ құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, биыл өңірге алғаш рет көгілдір отын келді. Үстіміздегі жылы аудан орталығы Шолаққорған ауылына газ беріліп, 4 600 абонент көгілдір отынға қол жеткізді.Алдағы уақытта Созақ және Құмкент ауылдарына газ құбырын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Мұнан бөлек, Жартытөбе, Бабата және Аққолтық елді мекендерін газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталып кетткеніне де біршама уақыт өтті.
Тақырыпты тарқата келе түйіндесек, 2023 жылдың 5 қарашасында пилоттық режимде өткен әкім сайлауының Созақ ауданы бойынша сайлау қорытындысымен Созақ ауданының әкімі болып Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы қайта сайланған болатын.Тұрғындардың қайта сеніміне ие болған аудан әкімі, өзіне жүктелген жауапкершілік сенімін ақтап отыр деуге әбден болады.
Аудандағы жұмысты жандандыру мақсатында, жаңа өндіріс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды жоғары жалақысы бар жұмыстарға орналастыруға күш салып, аянбай еңбек етіп келеді. Нәтижесінде, жүйелі жұмыстар жанданып, өңірдің дамуына аянбай еңбек етіп келеді. Аудан экономикасының көтерілуі бағытында атқарылған жұмыстардан ақпарат тарқата берейік.

