Кеше Шымкент қаласы әкімдігінде азаматтарды кезекті қабылдау өтті. Қала тұрғындары тұрғын үй, жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, абаттандыру мәселелеріне қатысты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындар қаланың тыныс-тіршілігін жақсартуға байланысты ұсыныстарын да білдірді. Бірқатар мәселелердің шешімі алдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Зерделеуді қажет ететін сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар берілді деп, хабарлауда Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы, бір күн ішінде қала әкімі мен орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері 180-нен астам азаматты қабылдады. Қала басшысы салаға жауаптыларға тұрғындармен кері байланыс орнатып, өзекті мәселелерді заң шеңберінде, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Автор: aimaq_user
🔷 «QazaqGaz Aimaq» АҚ пилоттық жобасы аясында, Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін алушылар газға ай сайынғы жеңілдікті «Әлеуметтік әмиян» қызметіндегі eGov Mobile қосымшасы арқылы ваучер түрінде ала алады деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі 🔷 2024 жылдың желтоқсанынан бастап 2025 жылдың сәуірін қоса алғанда, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға 1414 нөмірінен тауарлық газға жеңілдіктер туралы ай сайын SMS жіберіледі. Ваучерді әлеуметтік әмиян қызметінде желтоқсанның 25-іне дейін қосуға болады. 🔷 Ыңғайлы болу үшін тұтынушылар өтініште тек тұрғылықты мекен жайының есеп шотын көрсету қажет. Тұрғын үй құжаттары ұсынылмайды. Жеңілдік мөлшері газға…
Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімі әскер мен халықтың Отанды қорғаудағы бірлігі мен дайындығын бейнелейтін «Біртұтас ел – біртұтас жер» ұранымен өтетін қысқы оқу кезеңіне кірісті. Жаңа оқу кезеңінің бірінші күні саптық алаңдағы салтанатты митингпен басталды. Бөлім командирі мен Қарулы күштер ардагерлері әскери қызметшілерді осы маңызды кезеңмен құттықтап, оларға жауынгерлік дайындықта табыс тіледі. Митинг соңында Ту ұстаушы тобы бастаған офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамалары салтанатты шерумен өтті деп, хабарлаған Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. Саптық алаңынан кейін жеке құраммен бөлімше командирлері мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша алғашқы сабақтарды өткізді, оның барысында әскери қызметшілерге елдегі және одан тыс жерлердегі саяси және экономикалық…
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев тағайындалды. Облыс әкімі өңірді дамыту бағытындағы жоспарлар мен міндеттерге тоқталып, тағайындалған аппарат басшысына жаңа міндеттер жүктеді. Қызметіне сәттілік тіледі деп, хабарлауда Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Аппараттың жаңа басшысы облысты дамыту бағытында бар күш-жігерін салатынын, мемлекеттік қызметтегі жинаған тәжірибесі мен білімін ел мүддесі жолында жұмсайтынын жеткізді. Сенім артқан облыс әкіміне алғысын білдірді. Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау…
Түркістан облысына қарасты елді мекендердің инфрақұрылым сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып жатыр. Бүгін тағы бір әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданы, Біртілек ауылдық округіне қарасты Біртілек елді мекенінде «Абай» газ тарту станциясын іске қосу рәсіміне қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. «Ауыл халқын қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты міндеттің бірі. Біз бюджеттің мүмкінгінше ауылдарды газбен қамтып жатырмыз. Екі жылда 90-нан астам елді мекен табиғи газға қосылуда. Түркістан облысында жылдар бойы тоқтап тұрған 40-тан астам газ нысандарының мәселесі шешіліп, «сақалды құрылыстар» ретке келтірілді. Бұл бағыттағы…
Қала тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштері негізінде қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыру жұмыстары жалғасуда деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Зерделеу нәтижесінде келесідей өзгерістер енгізілді: 🔹 №92 автобус маршруты: тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Д.Қонаев мектебіне дейін ұзартылды. 🔹 №150 автобус маршруты: жол қозғалысының ашылуына байланысты Иманғара көшесімен ұйымдастырылды. 🔹 №139 автобус маршруты: Жаңақұрылыс – Әбдіров көшелерінің қиылысына дейін ұзартылды. 🔹 №42 автобус маршруты: Бәйдібек би – Н.Назарбаев даңғылы қиылысында 3.19 «Кері бұрылуға тыйым салынады» және 4.1.1 «Тіке қозғалыс» жол белгілерінің орнатылуына байланысты Т.Назарбеков көшесінен Ж.Шанин көшесіне қарай сызбасы ұйымдастырылды. Қоғамдық көлік қызметін жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Жолаушылардың талаптары…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «EsVilla Prefabik Hafif Çelik Yapı Sistemleri Ltd. Şti.» компаниясының бас директоры Ибрагим Тюйлюді қабылдады. Кездесуде Түркістанда жаңа зауыт салу мәселесі талқыланды деп, хабарлағанТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі – Түркі әлемі үшін қасиетті Түркістанның орны айрықша. Түркістан – Тұран даласындағы ең көне қалалардың бірі. Мұнда Ахмет Ясауи бабамыз өмір сүрген. Бұл шаһар Қазақ хандығының астанасы болған. Қазақтың хандары мен билері, батырлары осында мәңгі қоныс тепкен. Алты жыл бұрын Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Мұнда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Түркия елінен келетін инвесторлармен бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды. Ибрагим…
Қалалық жастар ресурстық орталығында 2023-2024 оқу жылындағы жауынгерлік дайындық пен әскери тәртіпті қорытындылауға арналған механикаландырылған бригаданың жеке құрамының салтанатты жины өтті. Іс-шараға тек әскери қызметшілер ғана емес, олардың отбасы мүшелері де қатысып, әскери ұжымдағы қолдау мен бірліктің маңыздылығын атап өтті деп, хабарлаған Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. Механикаландырылған бригада басшылығы офицерлер мен сержанттар алдында баяндама жасады. Олар өз сөздерінде бір жылдағы жетістіктер мен табыстарды атап өтті, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары мен әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау сияқты ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелерге тоқталды. Бригада командирі, подполковник Сергей Сергеевич Бибулатов өз сөзінде жеке құрамға және олардың отбасыларына атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, ортақ…
🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, индустриалдық аймақтардың экологиялық ақуалын бақылауда атқарылған шаралар мен мемлекеттік тіркеуден өтпеген, теңгерімге берілмеген нысандарға қатысты талдарулар жасалды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының м.а. П.Бердалиев тақырып аясында баяндама жасап, осы бағытағы өзекті мәселелерді баяндады. Бұл ретте қала әкімі мүдделі тараптарға дәрілік заттардың босатылуындағы келеңсіздіктерді жоюда тиісті шараларды күшейтуді тапсырды деп, хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 Қаржы басқармасының басшысы Р.Бақтыбаев мемлекеттік тіркеуден өтпеген, теңгерімге берілмеген нысандарға қатысты жүргілізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Айта кетейік, 2018-2024 жылдары аралығында 479 нысанның құрылысы…
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Көрсеткіш қандай? Нендей мәселелер бар? Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мәселе күн тәртібіне қойылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы – өңірдің негізгі драйверінің бірі екеніне тоқталып, жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Ауыл шаруашылығында өнім көлемін ұлғайту индикаторы толық орындалуы тиіс. Салаға инвестиция тарту, өсімдік, мал шаруашылығында өнімді молайту, техникалық паркті жаңарту бағытында да міндеттер жүктелген. Жыл сайын су тапшылығы сезіліп жатыр. Аудан, қалаларда су үнемдеу технологияларын…
