Автор: aimaq_user

Жаңа жыл қарсаңында Түркістан қаласының Райымбек Сейітметов атындағы музыкалық-драма театрында Түркістан облысының қорғаныс істері департаменті әскери қызметшілерінің балалары мен отбасыларына арналған мерекелік іс-шара өтті деп, хабарлаған Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. Театр әртістері дайындаған мерекелік бағдарлама қатысушыларды сиқыр әлеміне шақырды. Балалар ата-аналарымен бірге жарқын ертегі қойылымының бір бөлігіне айналды. Онда оларды жаңа жылдық кейіпкерлер қарсы алып, қызықты оқиғаларға баулыды. Іс-шараны ашқан облыстық департамент бастығы подполковник Талғат Тұрабай құттықтау сөз сөйледі: — Қымбатты балаларымыз, біздің елімізде түрлі мерекелер көп, бірақ ең мейірімді, әсем және көптен күткені — бұл Жаңа жыл! Бұл керемет, ертегі мерекесі. Баршаңызға зор денсаулық және бар жақсылықты тілеймін. Барлық…

Read More

Жауынгерлік дайындық 2024 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жауынгерлік дайындық бойынша жоғары тиімділік көрсетті, жоспарланған іс-шаралардың 99,9%-ын орындады деп, хабарлаған АҚ «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» баспасөз қызметі. Барлығы 75 мыңнан астам жауынгерлік дайындық іс-шаралары өткізілді, оның ішінде: • 3 мыңнан астам жауынгерлік атыстар, бұл әскери қызметшілерге түрлі қару түрлерін шынайы жағдайда қолдануды тәжірибеде пысықтауға мүмкіндік берді; • 1 мың тактикалық оқу-жаттығулар, бөлімшелердің күрделі операциялық жағдайларда өзара әрекеттестігін жетілдіруге бағытталған; • 35 мың практикалық атыстар, жеке құрамның дайындық деңгейін арттыруға ықпал етті; • 15 мың парашютпен секіру, бұл десанттық бөлімшелердің жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Басты назар түнгі жаттығуларға аударылды, олардың саны жалпы…

Read More

24 желтоқсанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімінің саптық алаңында белгіленгенқызметмерзімін өтеген 2023 жылдың 2-ші шақырылымсарбаздарынзапасқа шығаруға арналған салтанаттыіс-шара өтті деп, хабарлаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. Барлығы еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген 150-ден астам мерзімді әскери қызметшілер үйлеріне жіберілуде. Іс-шарағаәскери бөлімбасшылығы, ардагерлержәнеқұқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.ШарабарысындаОтанғақызмет еткені жәнеадалдығыүшін сарбаздарымызға ізгі тілектер айтылды.Командирлержауынгерлердіңәрқайсысықызметтік-жауынгерлікміндеттердіорындау арқылы елдегіқауіпсіздікпентұрақтылықтықамтамасыз етуге өзүлестерін қосқанын атап өтті. Жауынгерлік дайындықтағы және үлгілі әскери тәртіптегі жоғары көрсеткіштері үшін қызмет барысында ерекшеленген сарбаздар грамоталармен және төсбелгілермен марапатталды, олардың ата-аналарына алғыс хаттар жіберілді. 48 сарбаз жоғары оқу орнына тегін білім алуға грант сертификаттарын алды. — «Бүгін біз…

Read More

🔷 Қаратау ауданында жайлы мектептің ашылуы өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран-2 шағын ауданында орналасқан №143 орта мектепті аралады. Білім беру мекемесі 1200 орынға лайықталып, заманауи жабдықтармен жабдықталған. Ауданы шамамен 13 мың шаршы метр ғимаратта оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Екі спорт залы, медициналық пункт, үш шеберхана, коворкинг-алаңдар, кітапхана, мәжіліс залдары бар деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 Қала әкімі білім басқармасы мен мектеп басшылығына оқыту үдерісін ұйымдастыруға және оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды. _______________ В ШЫМКЕНТЕ В КАРАТАУСКОМ РАЙОНЕ ОТКРЫЛИ КОМФОРТНУЮ ШКОЛУ 🔷 В Шымкенте в Каратауском районе состоялось открытие комфортной школы. Аким города Габит Сыздыкбеков…

Read More

🔷 Жаңа жыл қарсаңында Шымкентте бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұршуақ елдімекеніндегі 2000 орындық жайлы мектептің ашылуына қатысты деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 №149 Жалпы білім беретін орта мектепте интерактивті тақталар орнатылған 80 оқу кабинеті, асхана, бірнеше лингафондық компьютерлік сыныптар, зертханалық жұмыстарға арналған кабинеттер, кітапхана, шеберханалар, коворкинг-орталық қарастырылған. Спорттық инфрақұрылымға төрт зал және ашық ойындар мен ашық алаңдар кіреді. Сондай-ақ, қосымша сабақтар өткізу үшін кабинеттер де бар. 🔷 Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған ______________ В ШЫМКЕНТЕ В АБАЙСКОМ…

Read More

Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы №44 орта мектеп базасында «Елін сүйген жауынгер – ер болады» тақырыбында қалалық семинар өтті. Қаланың қорғаныс істері департаменті ұйымдастырған іс-шара «жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру» жобасын іске асыру шеңберінде өтті және қала мектептерінің алғашқы әскери және технологиялық даярлығының оқытушыларын жинады деп, хабарлаған Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. Ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 114 жыл толуына орай ұйымдастырылған семинар әдістемелік тәжірибе алмасу және өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеудің өзекті тақырыптарын талқылау алаңына айналды. Іс-шараның ашылу бөлігі мектеп қабырғасында орналасқан мұражайға экскурсияны қамтыды. Қатысушылар Ұлы қолбасшының ерлік жолын, оның сіңірген еңбегі мен ел тарихына қосқан үлесін бейнелейтін экспонаттармен танысты. Семинардың…

Read More

Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Жақсы адам-2024» сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Үздіктер қатарында Түркістан облысының да өрені бар. Биыл арнайы сыйлықпен Созақ ауданының тұрғыны, саналы ғұмырын ауыл медицинасына арнаған абзал жан Бүркіт Арынбеков марапатталды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көптің ыстық ықыласына бөленген дәрігер Созақ ауданы, Құмкент ауылының тумасы. Ол ғұмырының 58 жылын медицинаға арнап келеді. Осы аралықта жалпы саны 10 мыңнан аса ота жасаған. Хирург Бүркіт Арынбеков дәрігерлік жолында шалғай ауылдағы бөлімшелік ауруханада күрделі ота жасап, науқасты аман алып қалған. Сондай-ақ босану кезінде ана мен бала өміріне қауіп төніп, екеуінің де жанын ажалдан арашалаған. Бүгінде…

Read More

Көліктерді тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жедел медициналық көмектің сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Жыл сайын қалада халық санының көбеюі саланы дамытып, қызметті жақсартуды талап етуде. Бүгінде мегаполис тұрғындарының саны ресми статистика бойынша 1 244 415 адамды құрады. Демографиялық өсім жоғары, жыл сайын халық саны орта есеппен 40 мыңға дейін артуда. 22 көлік төртінші шақырту санатына жататын емхалар мен ауруханалардың жедел жәрдем қызметіне берілуде. Қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтарына көмек көрсететін Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының 4 филиалы және 10 қосалқы станциясында 106 бригада қызмет көрсетеді. Оның ішінде 28 дәрігер және…

Read More

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде және Түлкібас ауданы мәслихаты депутаттарының келісімдері бойынша, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Түлкібас ауданының әкімі болып Естібаев Асқар Сұлтанұлы тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа әкімді аудан активіне таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары жаңа әкімнің канидатурасына қолдау білдірді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Түлкібас ауданының әкімі қызметін атқарып келген Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы басқа қызметке ауысуына байланысты, қызметінен босатылды. – Ауданның жаңа әкімі депутаттармен бірлесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін көтеруге және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай…

Read More

ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің әкімшілік ғимаратында департамент бастығының бірінші орынбасары — штаб бастығы полковник Александр Сладкевичтің басшылығымен аумақтық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен қызметтік жиналыс өткізілді. ​Қызметтік жиналысқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің жедел-кезекшілік қызметін ұйымдастыруға жауапты өкілдері атсалысты. Аталмыш қызметтік жиналыс Түркістан облысы мен Шымкент қаласының аумағындағы күштік құрылым өкілдерінің бірлесе іс-әрекет жасауы, қиын жағдайларда бірлесе жұмыс жасауы үшін өткізілді. ​Қызметтік жиналыс Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығының басшылығымен биылғы жылы екінші рет өткізілуде. Іс-шара соңында қызметтік әріптестікті орнатудағы жоғары жетістікке жеткен күштік құрылым өкілдері алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Read More