Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, тек мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың міндеті ғана емес, әрбір азамат олар үшін ыңғайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қоса алады. Бұл – тең мүмкіндіктері бар, әділетті және мейірімді қоғам құру жолындағы маңызды міндет. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау және өмір сапасын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Президент бірнеше рет Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға инклюзивті қоғам қалыптастыру бойынша нақты тапсырмалар берген. Мемлекет басшысының тапсырмасын басымдыққа алған Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың толыққанды өмір сүруіне, қоғамға белсенді араласуына жағдай жасау мақсатында әлеуметтік қолдау жұмыстары жүйелі түрде және кешенді жүзеге асырылуда. Әлеуметтік қорғау…
Автор: aimaq_user
Өтінім мәртебесін онлайн бақылау мүмкіндігі Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Осы үдеріс аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «ЦОН» мобильді қосымшасына жаңа мүмкіндік қосты. Енді азаматтар мемлекеттік қызметтерге берген өтінімдерінің орындалу барысын нақты уақыт режимінде (online) бақылай алады. Бұл жаңашылдық мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын айтарлықтай арттыруға бағытталған. Қолданушылар өтінімнің орындалу мәртебесін көру үшін қосымшадағы арнайы бөлімдерді – «ХҚКО қызметтері» немесе «Арнайы ХҚКО қызметтері» – таңдап, өтінім нөмірін енгізуі қажет. Бұрын азаматтар өтінімнің қай сатыда тұрғанын білу үшін ХҚКО-ға баруға мәжбүр болса, енді бұл қажеттілік толығымен жойылды. Азаматтар өтінімнің қай кезеңде…
Түркістан қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 20 жылдық мерейтойы салтанатты жиынмен аталып өтілді. Бұл мерейтой мемлекеттік қызмет көрсету саласының дамуындағы айтулы оқиға болды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел қолдау тауып отырғаны шындық. Ия, билік бұқараға жақын болуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір түрлі болғанымен, бәрінің айтпағы бір қазанда қайнап, айтылған сөз іс жүзінде жүзеге асып жатқанын көз көріп, құлақ естуде. Мемлекет басшысының қызметінің ең басты ерекшілігі – оның әр сөзі, әр қадамы, әр шешімі…
Түркістан қаласының тұрғындары үшін аптаның әр жұма күні тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кезекті жәрмеңкесі өтті. Қаланың 1-мөлтек ауданындағы атақты Ататүрік мектебінің жанында ұйымдастырылған бұл сауда-саттық тұрғындарды қажетті әрі сапалы өнімдермен нарықтағы бағадан 30-40 пайызға төмен бағада қамтамасыз етілді. Бұл жәрмеңке Түркістан қаласындағы әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып келеді. Жәрмеңкені өткізудегі басты мақсаты – қала тұрғындарына, әсіресе әлеуметтік осал топтарға, негізгі азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну арқылы аймақтағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту. Бұл жолғы жәрмеңкедегі бағалар тқтынушылардың көңілінен шықты. де өз міндетін толық атқарды. Нарықтағы бағадан 30-40 пайызға дейін төмен болған азық-түлік өнімдері қала халқының қалтасын…
“Тазалық-табалдырықтан басталады”, сондықтан да қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылары сөзсіз. Біздің тазалығымыз – қаланың тазалығы! Біздің қалада тазалықты бірге сақтайық және көне шаһарымыздың өркендеуіне бірге ат салысайық деген патриоттық сезім, әрбір қала тұрғынының санасында сайрап тұруы қажет, тіпті міндет деуге де саяды. Неге десеңіз, қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанла қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себептіде жылдың қай мезгілінде болмасын қаламызда түрлі тазалық акциялары жүйелі түрде өтіп тұрады. Мұндай игілікті шараларға қатысып жүрген жандар, сыпырып тазалау, ағаш егу,…
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Түркістан қаласының «Парасат» саябағында ағаш отырғызу акциясы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған және еліміздің экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Түркістан қаласында жүйелі түрде іске асырылып келеді. Осы игі бастама аясында, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі бастамаларға жұмылдыру. Бұл шара, сонымен қатар, қала аумағындағы жасыл желекті көбейту, экологиялық ахуалды жақсарту…
Түркістан – тек тарихи жәдігерлердің мекені ғана емес, ол – дарынды жастар мен қайсар рухты спортшылардың орталығы. Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы әлемдік ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды желбіретіп жүрген спорт саңлақтарын арнайы қабылдады. Кездесудге келген қос азамат – кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет пен белгілі марафоншы Ғани Темірәліұлы болды. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы спортшылармен жүздесу барысында спорттың әлеуметтік маңызына тоқталды. Әкімнің айтуынша, спорт – тек физикалық жетістік емес, бұл қоғамды біріктіретін, жас буынға үлгі болатын және патриоттық сезімді оятатын құдіретті күш. Спорт – ұлттық мақтаныш пен бірлік көзі «Түркістанның атын әлемдік деңгейде танытып жүрген сіздердей азаматтарға қолдау…
Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласы кезекті рет ірі спорттық доданың орталығына айналды. «Сүйіліш батыр» спорт клубының ұйымдастыруымен таеквондодан Сүйіліш батырды еске алуға арналған VII ашық республикалық турнир жоғары деңгейде жалауын желбіретті. Биылғы жарыс қатысушылар санының көптігімен және бәсекелестіктің жоғарылығымен ерекшеленді. Салтанатты шараның ашылу рәсіміне өңірдің спорт саласының басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Батырханұлы, Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы және Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы сөз сөйлеп, спортшыларға ақ тілектерін білдірді. Қонақтар өз сөздерінде Түркістандағы спорттық инфрақұрылымның дамуы…
Түркі әлемінің рухани орталығы — Түркістан қаласында өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауқымды акция ұйымдастырылды. Бұл шара қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Түркістан қаласы әкімдігі мен құзырлы органдардың қолдауымен өткен бұл акция бірнеше стратегиялық бағытты қамтыды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат — жастар арасындағы зиянды әдеттерден арылу, құқық бұзушылықтың алдын алу және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін насихаттау. Қазіргі таңдағы басты мәселе, құқықтық сауаттылық – әрбір азаматтың өз құқықтарын қорғауы мен міндеттерін орындауы үшін қажет маңызды құрал. Біздің қоғамда жастардың құқықтық білімін жетілдіру…
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен қауіпсіздігі – қоғам алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда, Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ерекше іс-шара өтті. «Түркістан» телеарнасының арнайы тапсырысымен дайындалған, тәрбиелік мәні зор мультфильм оқушылар назарына ұсынылды. Шындығында, өмір бір адамның айтуымен, дәлелдеуімен қайта құрылып, жүйелене салатын оңай шаруа емес. Ол бір математикалық тепе -теңдіктерді сақтай отырып, бірнеше түрлендірулерді қажет ететін қоғамдық қозғалыс. Мектепте әрбір мұғалімнің жүріс- тұрысы, іс- әрекеті мен сөйлеу мәнері, сабақ беруі, киімі тәрбиелік үлгіде болу керек екені белгілі.Солай жасалып та келе жатыр, бірақ …бір сәт балаларға мультфильм көрсетіп, онда да бүгінгі уақыттың еншісінде…
