2026 жылы жүзеге асырылатын конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – мемлекеттің емес, адамның мүддесін алдыңғы орынға қою. Бұл қағида «мемлекет адам үшін» деген түбегейлі философиялық ұстанымға негізделеді. Жаңа нұсқада адам құқықтары кеңейтіліп, олардың нақты өмірде іске асуына басымдық беріледі. Атап айтқанда, абсолютті өмір сүру құқығы, «Миранда ережесі», цифрлық жеке өмірге қол сұқпаушылық секілді заманауи құқықтық кепілдіктер енгізіледі. Бұл өзгерістер азаматтардың еркіндігі мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Реформа азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуын жаңа деңгейге көтереді. Тек сайлау арқылы ғана емес, тұрақты диалог, халық кеңестері және кері байланыс тетіктері арқылы халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуы қамтамасыз етіледі.…
Автор: aimaq_user
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Кеңеске құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиын барысында қатысушылар қаладағы қазіргі криминогендік ахуалды, қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігін, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Арман Бейсенбаев, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің қалалық департаментінің басшысы Өркен Сейітов және қала прокурорының орынбасары Рашид Әміров баяндама жасады. Отырыс барысында қала әкімі құқық бұзушылықтардың алдын алу мемлекеттік органдар…
Халықаралық шарттар мен ұлттық заңнама арақатынасы мәселесі көп жылдан бері сарапшылар мен қоғам арасында талқыланып келеді. Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді. «Біз әріптестерімізбен бірге жоба нормаларын мұқият зерделедік. Маңыздысы – жаңа Конституцияда Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттары мен халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларының заңдық күшін жоққа шығаратын ешқандай ереже жоқ», – деді депутат. Оның айтуынша, Қазақстан өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста өзара сыйластық қағидатына, сондай-ақ БҰҰ аясындағы адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық шарттарға адалдығын сақтайды. Жоба мәтінінде адамның ажырамас құқықтары мен бостандықтарына қатысты қабылданған халықаралық міндеттемелерден бас тартуды білдіретін нормалар қарастырылмаған. Бірінші…
Мемлекет өз Конституциясы мәтініне халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды және халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын енгізеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ осылай деп мәлімдеді. Оның түсіндіруінше, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы үстемдік пен бағыныштылыққа емес, өзара әрекеттесу, толықтыру және үйлестіру қағидаттарына негізделеді. Осыған орай, ұсынылып отырған Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты негізгі ережелер көзделді. «Осылайша, 5-баптың 1-тармағы туралы қысқаша тұжырымдап айтсам, Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерден бас тартпайды, керісінше оны қолданылатын құқықтың, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды құрамдас бөлігі ретінде мойындайды», – деп нақтылап өтті депутат. Яғни, Ата заң…
Жаңа Конституция жобасында тұңғыш рет мыңжылдық тарихымыз басты құндылық ретінде жазылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның VII отырысында айтты. Оның сөзінше, қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституцияда тарих туралы бір де бір сөз жоқ. «Жаңа Конституция жобасының Преамбуласындағы «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай отырып» деген сөйлем тарихымыздың үздіксіз сабақтастығын, Қазақстан көшпелілер өркениетінің ошағы екенін айғақтайды. Осылайша, тарихымыз Конституцияда тұңғыш рет декларация емес, мемлекеттік құндылық ретінде бекітіліп отыр», – деді Ерлан Қарин. Преамбуладағы «Ұлы Дала» мен «мыңжылдық тарих» ұғымдары Қазақстанның тарихи субъект екенін айғақтайтын әрі мемлекеттік бірегейлікті айқындайтын ұғымдар. Сонымен бірге, Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституцияда мемлекеттік…
2026 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның даму бағытын түбегейлі жаңа деңгейге көтереді. Бұл реформа – ресурстарға тәуелді экономикалық модельден бас тартып, ел болашағын білім, интеллект және адам капиталы арқылы қалыптастыруға бағытталған бетбұрыс кезеңі. Ендігі жерде мемлекеттің басты байлығы минералды ресурстар емес, зияткерлік әлеуеті жоғары, білімі терең, ойы озық азаматтар болады. Конституциялық деңгейде білім, ғылым, мәдениет және инновация ел дамуының негізгі басым бағыттары ретінде бекітіледі. Бұл – ұзақ мерзімді әрі орнықты өсудің берік негізі. Реформа аясында білім беру сапасын арттыру, ғылымды қолдау, мәдени құндылықтарды дамыту және инновациялық технологияларды кеңінен енгізу басты назарда болады. Әсіресе жасанды интеллект дәуірінде интеллектуалдық даму мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін…
2026 жылғы конституциялық реформа аясында қабылданатын Жаңа Конституцияда қоғам дамуына жауап беретін заманауи құндылықтар нақты әрі жүйелі түрде бекітіледі. Негізгі заң әділеттілік, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті мемлекеттің басты бағдарлары ретінде айқындайды. Жаңа Конституцияда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше мән беріліп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаты алғаш рет конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғау нормасы енгізіледі. Азаматтардың цифрлық ортадағы жеке деректері мен құқықтарының қорғалуы құқықтық мемлекеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі құндылықтарды сақтау да Конституцияның маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Неке – ер мен әйелдің ерікті одағы…
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру бойынша оқытушылар, студенттермен кездесу жиыны өтті. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат жөнінде кеңірек әңгімелеп берді. Жаңа редакциядағы Ата заң елімізде адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны мемлекеттік қызметтің басты стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Сәрсен Абайұлы қазіргі жаһандық бәсеке мен әлемдік тұрақсыздық кезеңінде кез-келген елдің қуаты оның табиғи байлығымен емес, интеллектуалды әлеуеті, білім сапасы мен ғылыми жетістіктері арқылы өлшенетінін атап өтті. – Конституцияның жаңа редакциясында преамбула толығымен жаңадан жазылып, онда Ұла даланың мыңжылдық тарихына сүйеніп, Ата Заңның негізгі мақсат-мұраттары…
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты. Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен жаңа Конституция жобасының мән-маңызы жан-жақты түсіндірілді. Реформаның басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, халық билігінің рөлін күшейту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру екені атап өтілді. Бұл бастама қазіргі жаһандық геосаяси үдерістер жағдайында еліміздің ішкі тұрақтылығы мен құқықтық негізін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды. Жиында сөз сөйлеген университеттің…
Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы жолы тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 26 отбасы көптен күткен қонысына ие болды. Оларға Асар-2, Бозарық және Тұран шағынаудандарында орналасқан жаңа жалдамалы пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табысталды. Жаңа пәтер иелерінің басым бөлігі әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар санатына жатады. Атап айтқанда, олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес жанұялар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар мен жетім балалар бар. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоныс иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс сапасын…
