Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Кеңеске құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында қатысушылар қаладағы қазіргі криминогендік ахуалды, қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігін, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Арман Бейсенбаев, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің қалалық департаментінің басшысы Өркен Сейітов және қала прокурорының орынбасары Рашид Әміров баяндама жасады.
Отырыс барысында қала әкімі құқық бұзушылықтардың алдын алу мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып қала беруі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңның күшіне енуіне байланысты жергілікті деңгейде алдын алу шараларын күшейту, қауіп-қатерлерді ерте кезеңде анықтау және кешенді тәсілді енгізу қажеттігіне тоқталды.
«Негізгі акцент құқық бұзушылықтарды ерте анықтауға қойылуы тиіс. Профилактика – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл мемлекеттік аппараттың ортақ міндеті. Бұл жұмыс жүйелі әрі тұрақты түрде жүргізілуі қажет», – деді Ғабит Сыздықбеков.
Мегаполис басшысы сондай-ақ ауыр құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы суицид жағдайларының алдын алуға ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
«Өкінішке қарай, Шымкентте мұндай қайғылы жағдайлар кездесіп отыр, оны жоққа шығаруға болмайды. Олардың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Үйде – ата-ана, мектепте – мұғалім, көшеде – әрбір азамат жауапты. Сондықтан барлық салада ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Профилактиканы күшейту аса маңызды», – деп атап өтті қала әкімі.
Қала әкімі жауаптыларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Құқық қорғау органдары мен аудан әкімдеріне өзара жүйе құрып, бірге әрі үйлесімді жұмыс істеуді тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
«ПРОФИЛАКТИКА ДОЛЖНА ПРОВОДИТЬСЯ СИСТЕМНО И НА ПОСТОЯННОЙ ОСНОВЕ»: АКИМ ШЫМКЕНТА — О ПРАВОНАРУШЕНИЯХ
Под председательством акима города Шымкент Габита Сыздыкбекова состоялось внеочередное заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений. В совещании приняли участие руководители правоохранительных и специальных органов, депутаты маслихата, члены Общественного совета и представители средств массовой информации.
В ходе заседания участники рассмотрели текущую криминогенную обстановку в городе, эффективность принимаемых профилактических мер, а также вопросы межведомственного взаимодействия в обеспечении общественной безопасности.
По вопросам повестки дня с докладами выступили исполняющий обязанности начальника Департамента полиции города Шымкента Арман Бейсенбаев, руководитель городского Департамента Комитета по правовой статистике и специальным учетам Оркен Сеитов и заместитель прокурора города Рашид Амиров.
В ходе заседания аким города отметил, что профилактика правонарушений должна оставаться одним из ключевых приоритетов в деятельности государственных органов. Также в связи с вступлением в силу нового Закона «О профилактике правонарушений» он подчеркнул необходимость усиления превентивных мер на местном уровне, раннего выявления рисков и внедрения комплексного подхода.
«Основной акцент должен быть сделан на раннее выявление правонарушений. Профилактика — это задача не только правоохранительных органов, но и всего государственного аппарата. Эта работа должна вестись системно и на постоянной основе», — отметил Габит Сыздыкбеков.
Глава мегаполиса также обратил особое внимание на необходимость усиления работы по предупреждению тяжких правонарушений, в том числе случаев суицида среди несовершеннолетних.
«К сожалению, такие трагические случаи имеют место, и этого нельзя отрицать. Их профилактика — задача не только правоохранительных органов, но и всего общества. Дома — родители, в школе — учителя, на улице — каждый гражданин несет ответственность. Поэтому необходимо проводить масштабную информационно-разъяснительную работу во всех сферах. Усиление профилактики имеет особую важность», — подчеркнул аким города.
По итогам совещания, аким города дал ответственным лицам ряд конкретных поручений. Правоохранительным органам и акимам районов поручено выстроить системную, совместную и скоординированную работу.
Пресс-служба акима города Шымкент

