Автор: aimaq_user

Түркістан – жай ғана қала емес, ол уақыт пен кеңістіктің алтын көпірі. Екі мың жылдан астам тарихы бар бұл мекен бүгінде жаңа тыныс алып, түркі әлемінің рухани орталығы ғана емес, заманауи инновациялардың тоғысқан жеріне айналды. Жасанды интеллект арқылы жасалған цифрлық туындылар бізге осы көне мен жаңаның сабақтастығын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.  Түркістанның жүрегі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. XIV ғасырда бой көтерген бұл сәулет өнерінің жауһары Орталық Азияның символы болып қала береді. Кесененің көгілдір күмбезі мен қабырғаларындағы көне жазулар – біздің терең тарихымыздың куәсі. Бұл жер – Әзірет Сұлтанның ілімі тараған, Ұлы Жібек жолының бойында мәдениеттер тоғысқан қасиетті нүкте. Тарихтың…

Read More

Тәуелсіздік күні — еліміздің ең ұлық мерекесі. Осы айтулы датаға орай Түркістан қаласында салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық рухты асқақтату мақсатында ауқымды спорттық іс-шаралар жоспарланып отыр. Мерекелік апта аясында қала тұрғындары мен жасөспірімдер арасында түрлі деңгейдегі турнирлер мен спартакиадалар ұйымдастырылады.  Түркістан қаласының әкімдігі барша тұрғындарды осы мерекелік додалардың белсенді қатысушысы немесе жанкүйері болуға шақырады. Мерекелік іс-шаралар тізбегін қала тұрғындарының арасындағы жаппай спорттық дода ашады. Тұрғындар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға бағытталған бұл шара спорттың бірнеше түрін қамтиды. Уақыты: 15 желтоқсан, сағат 12:00 Мекенжайы: Ш. Ниязов көшесі, №156 (жабық спорт алаңшасы) Спорт түрлері: Мини-футбол, гір тасын көтеру, қол күрес (армрестлинг)…

Read More

Түркістан қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектеп КММ-де мектеп директоры Маржан Жансейітқызының тікелей қолдауымен 2025 жылдың 5 желтоқсанында білім ордасының оқушыларына арналған ауқымды «Достық» ұйымы жобасының бастамасы жарияланды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – оқушылар арасындағы достық, ынтымақтастық және бірлік қарым-қатынастарын нығайту, сондай-ақ, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру. «Достық» жобасы аясында бірнеше кіші ұйымдар құрылды, олар: «Адал достар», «Бірлік шамы», «Татулық» және «Достық көпірі». Бұл топтардың әрқайсысының өз бағыты мен мақсаты бар, бірақ оларды біріктіретін басты құндылық – бірлік пен өзара құрмет. «Дос болайық» бағдарламасы аясында құрылған осы ұйымдар арасында достықты нығайтуға бағытталған алғашқы ауқымды шара – «Жұлдызды сәт» кеші жоғары деңгейде…

Read More

Сайрам ауданына қарасты ауылдық аймақ тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімді әрі жедел көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында тағы бір маңызды жоба жүзеге асырылды. Қарамұрт елді мекенінде «Азия Фаворит» медициналық орталығы пайдалануға берілді. МӘМС жүйесі арқылы тұрғындар тегін медициналық қызмет алады. Медициналық орталықтың ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі М.Мұхтарұлы қатысып, ауыл тұрғындары үшін жасалып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың маңыздылығын атап өтті. «Мемлекет басшысы өз Жолдауларында халық денсаулығын сақтау, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта ауылдық елді мекендерде заманауи медициналық нысандардың ашылуы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Жаңа медициналық…

Read More

Шымкент қаласында Көксай ауданын жаңарту тұжырымдамасы жоспарлы іске асырылуда. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін Транспорт көшесі, 5 және Нұрлыбаев көшесі, 2 мекенжайларында тұрған 20 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Айта кетейік, Тұжырымдаманы іске асыру басталғалы бері ауданнан 103 отбасы көшірілді. Тұрғындар Шымкент-сити және Тұран шағынаудандарындағы абаттандырылған үйлерге орналастырылды. Таза әрлеумен тапсырылған пәтерлердің бөлме саны бұрынғы үйлерге сәйкес келеді және қоныстануға толық дайын. Мегаполис басшысы отбасыларды қоныстойымен және мемлекеттік мерекемен құттықтап, денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларына табыс тіледі. Айта кетейік, Тұжырымдама аясында тұрғындарды көшіру және оларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады. Шымкент қаласы…

Read More

Қазақстан Республикасы бойынша өтіп жатқан Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу онкүндігі аясында, Түркістан қаласындағы №33 жалпы білім беретін мектебі аса маңызды және жан тебірентерлік іс-шара өткізді. 2 желтоқсан күні мектептің 7-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған “Бақытты отбасы балалар көзімен” атты шығармалар байқауы – оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға және олардың азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған қадам болды. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын тереңінен дәріптеу. Мектеп оқушыларына өз отбасына деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін және жылы сезімдерін шығармашылық тіл арқылы еркін жеткізуге толық мүмкіндік берілді. Бұл шара балалардың отбасы ішіндегі бақытты сәттерді, жылулық пен өзара түсіністікті қалай қабылдайтынын көрсетуге арналған ерекше алаң болды.…

Read More

Түркістан қаласысының №34 жалпы білім беретін мектебінде 9-11 сынып оқушыларының арасында АИТВ/ЖИТС-тың, жұқпалы аурулардың алдын алу және жыныстық гигиена тақырыптарына арналған маңызды да, интерактивті семинар болып өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығына деген саналы көзқарасын қалыптастыру және оларды өмірге жауапкершілікпен қарауға шақыру болды. Семинарға арнайы қонақ ретінде Түркістан облысының «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК маманы Кенжегулов Марат Ануарұлы қатысты. Марат Ануарұлы оқушыларға АИТВ/ЖИТС-тың таралу жолдары, алдын алу шаралары және бұл дерттің қоғамдағы өзектілігі туралы толыққанды ақпарат берді. Ол өзінің біліктілігі мен тәжірибесіне сүйене отырып, жұқпалы аурулардың алдын алудың қарапайым, бірақ тиімді әдістерін түсіндірді. Семинар барысында оқушыларға гигиеналық…

Read More

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс бабымен қаланы аралау барысында жедел медициналық жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөліктің кілтін табыстады. Мегаполис басшысы медицина ұйымдары мен шұғыл қызметтердің материалдық-техникалық базасын жаңарту әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін айтты. Жедел жәрдем автопаркін жаңарту – халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттырудағы маңызды қадам. «Hyundai STARIA» маркалы жаңа санитарлық автокөліктер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Көліктерде кардиографтар, дефибриллятор-мониторлар, өкпені жасанды желдету аппараттары, электрлі сорғыштар, оттегі баллондары, арнайы зембілдер және қорғаныш қалқандары бар. Қала әкімі, сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарына «Аль-Фараби фарм Лтд» ЖШС демеушілігімен сатып алынған, медициналық жабдықтарға арналған сертификаттар…

Read More

Бүгін Түркістан өңірінің индустриалды даму тарихында маңызды кезең басталды. Атап айтқанда, джинсы матасын және жылына 30 мың тонна мақта-мата жібін өндіретін заманауи өндірістік кешеннің іргетасы қаланды. Бұл ауқымды жоба – өңірдегі мақта шикізатын толықтай өңдеп, жоғары қосылған құны бар дайын өнім шығаратын толыққанды тоқыма кластерін қалыптастыру жолындағы стратегиялық қадам болып табылады.  Өңір экономикасына серпін беретін жаңа өндіріс кешені толығымен жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайды. Мұндай ірі инвестицияның тартылуы – Түркістанның инвесторлар үшін тартымды өңірге айналғанын және тоқыма өнеркәсібінің болашағы зор екенін көрсетеді. Түркістан өңірі – Қазақстандағы мақта шаруашылығының негізгі отаны. Бұрын жиналған мақта…

Read More

Мемлекет басшысы Қазақстан БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мемлекеттер арасындағы ықпалдастық жаһандық су мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда БҰҰ жүйесінде тек су проблемаларына арналған арнаулы құрылым жоқ. Қазақстанның бастамасы арқылы UN-Water ведомствоаралық тетігін толыққанды арнаулы агенттікке немесе ұйымға айналдыру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл қадам БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына және халықаралық қоғамдастық мүддесіне сай келеді. Келесі жылы сәуір айында Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммит барысында Қазақстан халықаралық консультацияларды бастауға ниетті. Мемлекет басшысы судың өзекті мәселелерін жүйелі шешу үшін ортақ саяси ерік-жігер қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабад форумы аясында мүдделі мемлекеттердің…

Read More