Автор: aimaq_user

Соңғы жылдары Түркістан облысы аумағын айтпағанның өзінде, электрлі көлік құралдары болып саналатын – электросамокаттар мен электрокарлар Түркістан қаласының көшелерінде жиі кездесетін көлік түріне айналды. Олардың қолданылуы ыңғайлы әрі экологиялық таза болғанымен, бұл көлік құралдарының артуымен қатар, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері де өзекті болып отыр. Әсіресе, литий-ионды аккумуляторлардың қате зарядталуы немесе зақымдалуы салдарынан туындайтын өрттер және жол ережелерін сақтамау салдарынан болатын жол-көлік оқиғалары алаңдатуда. Осыған байланысты, Түркістан қаласының жергілікті билік органдары, атап айтқанда, Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасы және қалалық полиция басқармасы бірлесіп, қала тұрғындары арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бірлескен жұмыстың мақсаты мен маңыздылығы – электросамокаттар мен электрокарларды пайдаланушылардың…

Read More

Қазақтың ұлттық-жауынгерлік ойын-сайыс түрлерінің дені ат үстінде немесе жылқы түлігін пайдалану арқылы іске асады. Мысалы, ат жарысы немесе бәйге түрлері – аламан, жорға, тай, құнан, дөнен, бесті, айғыр жарыс, сондай-ақ жауынгерлік ойын-сайыс түрлері – аударыспақ, көкпар, қыз қуу, ат үстінде садақ (жамбы) ату, теңге ілу т.б. Яки осында айтылған ат спорты ойын-сайыс түрлерін орындау үшін сәйгүлікпен қатар жылқының жабдығы, яғни ат әбзелдерінің де алатын орны ерекше. Ат әбзелдері деп алдымен ер-тұрманды, оған қоса жылқыны жуасытуға немесе басқаруға ыңғайлы жүген-ноқта, тізгін-шылбыр, өмілдірік-құйысқан қатарлы жарақтарды айтамыз. Ер-тұрман – атқа міну үшін қолда­нылатын жабдық. Оның түрі көп. Тұр­мыста қолдану мүмкіндігіне қарай: қа­рия ер,…

Read More

Мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі, қасиетті Құрбан айтта келіп жетті. Әрбір мұсылман бұл қасиетті күндерді асыға күтіп, жағдайы келген адам құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер атқаруға тырысады.                                             Ата-бабаларымыз бұл күндері ұлық мерекені құрмет тұтып, ерекше киімдерін киіп, жақын-туғандарын аралап: «Айт қабыл болсын!», «Айт құтты болсын!» деген сөздермен ізгі ниеттерін білдіріп, балаларға айттық сыйлықтар беретін болған. Бұл күндерді ұлықтап, адамдарға қуанышты көңіл-күй сыйлауға тырысады. Құрбан айт – әлем мұсылмандары үшін ерекше маңызға ие, рухани құндылықтарға толы қасиетті мереке. Бұл күндері мешіттерге адамдар көп жиналып, отбасылар табиғат аясына шығып, достар мен туыстар арасындағы байланыстар нығаяды.  Осы ретте мерекелік…

Read More

       Бала қауіпсіздігі – қашанда басты міндеттердің бірі болып саналады. Себебі, бала қауіпсіздігі келер ұрпақ, яғни болашақтың қамы десек те артық айтқандық емес. Отбасынан бастау алатын тәрбие арқылы, мектеп, одан әрі қарай қоғам өміріне етене араласатын баланы қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету басты бағыттардың бірі.           Отбасындағы тәрбиенің негізгі мақсаты‑ білімді, саналы, адал, еңбекқор, ұлттық сана – сезімі ояу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Отбасынан алған тәрбие – өмірінің негізі болып табылады. Сондықтан ең алдымен отбасы тәрбиесі басты назарда болуы қажет. Балалардың бос уақыттарын ұйымдастыра алмау, оларды ата – аналарының қарауынсыз қалдыруы әртүрлі жазатайым жағдайларға алып келді.           Соңғы қоңырау…

Read More

Полиция департаменті мегаполис аумағында атыс қаруын пайдаланумен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара аясында тәртіп сақшылары тіркелген қару иелерін тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеруде. Тексеру барысында қаруды сақтау талаптарының бұзылмауына, қауіпсіздік шаралары мен барлық қажетті құжаттардың болуына және қарудың уақтылы тіркелуіне ерекше назар аударылуда. Белгіленген талаптарды бұзған азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484 және 486 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Полицейлер құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық қару иелерін заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. ОПМ “Қару” проводится в Шымкенте Департаментом полиции на территории мегаполиса проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қару»,…

Read More

Елімізде тұрақты ортаны жұру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы бастау алғалы, ауқымды экологиялық өзгерістердің ошағына айналып отырғанымыз шындық. Дәлірек айтқанда, аумақты тазалау, саябақты, ормандарды, су қоймаларын, көл жағалауларын күл‑қоқыстан жүйелі тазалап, ағаштар, бұталар отырғызу, жасыл аймақтарды құрып, көгаландырудамыз. Осының нәтижесінде экологиялық мәдениетті қалыптастырудамыз.           Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар салаларға тоқталып өткен болатын.           Соның ішінде Президент өзінің тікелей бастамасымен іске асып жатқан – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің мән‑маңызына ерекше тоқталып өтті.           Таза Қазақстан – ластанған аумақтарды қалдықтардан тазарту. Оның ішінде экологиялық…

Read More

Негізінен алғанда Түркістан облысының Сайрам ауданы кез келген тірліктің көзін тауып, әрі қарай көркейтіп, дамытып алып кетуге өте қолайлы аумақ. Әрине, ең бастысы жұмыс жасап жүрген адамның ынтасы мен бір тірліктің көзін тауып, іргелендіріп әкетуінде екені шындық. Ия, ауданымызда ондай жандар баршылық. Солардың бірі — Сайрам ауданының Манкент ауылы, Наваи көшесі №3/2 үйдің тұрғыны, көпбалалы отбасы санатындағы Эгамбердиев Шавкат Азатқұлұлы.  Анығын айтқанда, Шавкат Азатқұлұлы үшін 2024 жылдың маусым айы айтулы оқиғаларға толы болды. Ол өзінің тың бастамасы – бөдене шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттен 1 476 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алып, арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Бұл оқиға мемлекеттің…

Read More

Өскелен ұрпақты жан‑ жақты дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау, сондай‑ақ, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын білу және жетілдіру мақсатында облыстық слеттер өтуде.           «Жас құтқарушылар слеті – Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық Білім беру басқармасымен бірлесе жыл жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан маңызды іс‑шара. Бұл слет мектеп оқушылары мен төтеншелік қызметкерлердің бірлесуімен өтуде.           Осыдан 2 күн бұрын облыстық деңгейде «Жас құтқарушы» жарысы өтті. Құтқарушылар слеті іс‑шарасына он бір ауданнан 110 оқушы қатысқан. «Жас құтқарушы» жарысының қорытындысы бойынша -1-ші орында Төлеби ауданының «Төлеби» командасы; 2-ші орында – Созақ ауданының «Т»ріскей» командасы, ал 3-ші…

Read More

         Әр мезгілдің өз керемет кезеңі мен өкінішті жағдайлары қатарласып жүреді. Неге десеңіз «апат айтып келмейді» дегендей, кейде сақтық шаралардың дұрыс сақталмауынан әр кезеңде түрлі жағдайлар орын алып жатқаны.            Биыл жаз маусымы басталмай‑ақ күннің қатты ысып кетуі тек қана төтеншеліктер жұмысын қиындатып қоймай, сақтық шаралардың алдын алу мақсатында басқа да сала өкілдерінің қатысуымен түрлі ескертпелер айтылып, дабыл қағылып жатса да, тұрғындардың өз өміріне салғырт қарауы сейілмей отыр. Әсіресе отбасымен демалу аймақтарына барғандар арасында, ересектердің балаларға деген жауапкершілігінің төмендігі алаңдатып отыр. Әрине осындай келеңсіздіктердің соңында, қайғылы жағдайлардың орын алып жатқаны да бар.           Осы орайда Түркістан облысы…

Read More

Дала төсінен өркендеген ұрпақ тәрбиешісі – «Кеңестөбе» шаруа қожалығының бір ғасырлық тарихы бар. Неге десеңіз, аталары Айтуар сонау ашаршылық заманда байлардың қойын бақса, бертінде әкесі Дөңбайда әке жолын жалғап, жалданып қой баққан екен. Бүгінде ата-баба кәсібін жалғастырып келе жатқан Айтуаров Пернешбай Дөңбайұлы.          Қазақ даласының бай тарихы мен қазақ халқының еңбекқорлығын бойына сіңірген, қарапайым еңбекпен шыңдалған, өмір жолы көпшілікке үлгі боларлық ардақты азаматтардың бірі – Айтуаров Пернешбай Дөңбайұлы. Оның өмір жолы – адал еңбектің, табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және өзі сүйген іске деген адалдықтың айқын үлгісі. Шопан көмекшісінен бастап, кеңшардың бас зоотехнигі, ақырында ірі шаруа қожалығының төрағасына дейінгі жолы – бұл…

Read More