Ордабасы ауданының әкімі Азат Әбдіғалиұлы тұрғындарымен кезекті кездесуін Төрткүл және Қарақұм ауыл округтерінде жалғастыруда. Келелі кездесу барысында аудан басшысы ағымдағы жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жұмыстарының барысын баяндап, келесі кезекте кездесу өтіп отырған ауыл округтеріндегі атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштерге және алдаға жобалар мен жоспарлар жайында тарқатты.
Нақтырақ айтқанда, Төрткүл ауыл округінде биыл бюджеттік салым 135 млн. 466 мың теңге болып бекітілген болатын. Оның ішінде өзіндік кірістер 98,3 млн. теңгеге артқан. Жыл басынан бері тұрғындар көтерген 14 мәселенің 6-ның шешімі табылып, ал 8-і бақылауға алынды. Округтің тұрғындары үшін Нұра ауылына ойын алаңшасы, Ақсары ауылы көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, Ақсары, Спатаев, Төрткүл ауылдарында балалар ойын алаңшалары салынуға, ауыз су жүйелерін жаңартуға, «ҚазПочта» мекемесінің жылыту жүйесін ретке келтірілуге, Нұра ауылының орталық көшесіне жарық шамдарын орнатылға, ішкі көшелерге тас төсеу жұмыстарын жүргізуге арналған жобалар дәл қазіргі уақытта жүзеге асырылуда.
Жалпы, округте 168 га жер су үнемдеу технологиясымен қамтылған. Агроөнеркәсіп кешеніне 1,4 млрд. теңге инвестиция тартылып, 26 техника мен шағын мал қоралар алынды. Электр энергиясы бойынша Көкарал елді мекеніндегі трансформатор және желілер жаңартылуда, ал 3 елді мекенде 6 көшеде электр желілері мен бағаналары жаңартылуға дайындалуда. Табиғи газбен қамту бойынша Жайылма, Арыстанды, Ақсары ауылдарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін қосылатын болады. Ауыз су бойынша Қызылжар елді мекенінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Төрткүл және Көкарал-Еңбекші елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді. Білім саласында Елшібек батыр ауылында 200 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Биыл ауыл округінде санитарлық сенбіліктерде 3 000-нан астам адам, 15 техника жұмылдырылды. 2 200 көшет отырғызылды.
Қарақұм ауыл округінде жыл басынан бері тұрғындар көтерген 4 мәселенің 3-еуі шешімін тапты, 1 бақылауға алынды. Ауыл округінің биылғы бюджеті 96,02 млн. теңгені құрап, өзіндік кірістері 13,564 млн. теңгеге жетті «Құрманбек» каналының 3,5 шақырымы және Р-7 каналдың 2 шақырымы механикалық тазалаудан өтті. Тамшылатып суару технологиясы ауылда 28 га жерге енгізілді. Агроөнеркәсіпке 95 млн. теңге инвестиция тартып, шағын мал қора мен 4 техника сатып алынды. Ауылдағы ашық футбол алаңының құрылысына қосымша қаржы қарастыру жұмыстары да жүргізілуде.
Сонымен қатар жиын барысында тұрғындардың: Ауызсу, тротуар, жолды асфальттау, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, балалар алаңшасы, санитарлық тазалық, ветеринария, санитарлық тазалық, ағын су тарифі, ономастика, ойын алаңшасы жөніндегі сұрақтары қаралып, аумақ әкімдігі мен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі қоғамдық жауапкершілік пен қоршаған ортаны таза ұстау азаматтық міндет болып саналатынын атап өтіп, тұрғындарды аймақты дамыту жолында ауыл әкімдігімен бірлесіп жұмыс істеуге, көгалдандыру және тазалыққа өз үлестерін қосуға, шақырды.
Қорытындылай келгенде, Азат Оралбаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі – бұл тек мәселелерді шешуге бағытталған технократтық әрекет емес, сонымен бірге биліктің өз халқына жақындығын, әлеуметтік жауапкершілігін және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына жергілікті деңгейдегі одақтығын көрсететін идеологиялық тұғыр. Мұндай тиімді байланыс – халықтың мәселелерін уақтылы шешуге және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін демократиялық механизмнің өзегі екені айқын.

