Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Бұл маңызды қадам еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға, төтенше жағдайларға қарсы тұру әлеуетін арттыруға және халықты қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Қоғам мен мемлекет арасындағы сенімнің беріктігін көрсететін бұл құжат болашаққа бағытталған дамудың айқын көрсеткіші болмақ деп дөп басып айтуға болады.
Заңның негізгі қабылданған құжаты азаматтық қорғау саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді кешенді түрде шешуді көздейді. Оның басты мақсаттары мынадай негізгі бағыттарда шоғырланған. Атап айтқанда, азаматтық қорғау жүйесін кешенді жаңғырту болып табылады. Сонымен қатар, Заң азаматтық қорғау саласындағы қолданыстағы нормаларды заманауи талаптарға сай етіп, оның тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл өзгерістер төтенше жағдайларды болжау, олардың алдын алу, жою және салдарын азайту жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды, соның ішінде цифрлық шешімдерді енгізу арқылы ақпарат алмасудың жеделдігі мен шешім қабылдаудың тиімділігі арта түседі. Басқару тетіктерін оңтайландыру және тиісті ресурстарды жұмылдыру қабілетін күшейту арқылы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігі айтарлықтай жақсарады. Бұл қадамдар халықаралық тәжірибелерге сәйкес келеді және Қазақстанның төтенше жағдайларға дайындығын жаңа деңгейге көтереді.
Ашығын айтқанда Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері – күн сайын қауіп-қатермен бетпе-бет келетін, халықтың қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қатерге тігетін батыл жандар. Жаңа заң осы қызметкерлердің құқықтық мәртебесін айқындап, оларға қосымша әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер беруді көздейді. Бұл олардың еңбегін мемлекеттік деңгейде мойындау және оларды әлеуметтік қорғауды күшейтуді білдіреді. Қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсарту, арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де осы бағыттың маңызды бөлігі. Бұл шаралар қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын арттырып, олардың кәсібилігіне деген сенімді нығайтады.
Өрт, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту мен қатерлерге қарсы кешенді қорғанысты жетілдіру, бүгінгі күннің басты талабы. Заңның қабылдануы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ірі өнеркәсіптік нысандардағы апаттардың алдын алуда және сейсмикалық белсенді аймақтардағы қауіпсіздік шараларын күшейтуде жаңа стандарттар мен талаптар енгізеді. Бұл, әсіресе, өндірістік нысандардағы қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға, өрт сөндіру жүйелерін модернизациялауға, заманауи дабыл жүйелерін орнатуға және сейсмикалық төзімді ғимараттар салуға бағытталған нормалар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қауіпті өндірістердегі қауіпсіздік аудитін күшейту және кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру да осы заңның аясында қарастырылған.
Заң азаматтық қорғаныс жүйесін, яғни халықты және аумақтарды соғыс қимылдарынан немесе табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған кешенді шараларды дамытуға жағдай жасайды. Бұл бағыт аясында халықты төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет етуге оқыту бағдарламалары кеңейтіледі. Сонымен қатар, қорғаныс баспаналарын, эвакуациялық пункттерді дайындау және оларды үнемі жаңартып отыру мәселесіне де баса мән беріледі. Бұл халықтың апаттарға дайындығын арттырып, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
Президент қол қойған бұл заң мемлекеттің азаматтардың қауіпсіздігіне деген айрықша көңіл бөлетінін айқын көрсетеді. Басты басымдық, Төтенше жағдайлардың санын азайтуға және олардың салдарын жедел жоюға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде экономикалық шығындарды азайтып, тұрақты дамуға ықпал етеді. Халықтың өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, техногендік апаттар сияқты қауіптерден қорғалу деңгейін айтарлықтай арттырады. Азаматтардың өз қауіпсіздігіне деген сенімі нығая түседі. Төтенше жағдайлар қызметінің тиімділігін арттырып, олардың заманауи талаптарға сай жұмыс істеуіне жағдай жасайды, бұл олардың кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтіп, олардың жұмысқа деген ынтасын арттырады, бұл төтенше жағдайлар саласына жас, білікті кадрлардың келуіне септігін тигізеді. Заңнамалық актілерге енгізілген бұл өзгерістер азаматтық қорғау саласының стратегиялық дамуы үшін іргелі негіз болады. Оның толыққанды іске асырылуы еліміздегі қауіпсіздік деңгейін жаңа сатыға көтеріп, халықтың тыныш әрі сенімді өмір сүруіне кепілдік береді. Бұл заң – Қазақстанның қауіпсіз болашағы үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.