Шымкентте бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры өтті. Іс-шара қонақтарды ұландықтардың күнделікті өмірімен таныстырып қана қоймай, БАҚ өкілдеріне жемісті ынтымақтастығы мен құқықтық тәртіп әскерінің қызметіне көңіл бөлгені үшін алғыс білдіруге мүмкіндік болды деп, хабарлаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі.
Іс-шараныштаббастығы — әскерибөлімкомандирініңбіріншіорынбасары,полковникНұрлыбекЕлеусизовашты.
— Біздің әскери бөлімімізде өз қызметінде ашықтық пен қоғаммен байланыстың маңызын жақсы түсінеді. Біз сіздермен әрдайым тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлескен іс-шаралар өткізіп келеміз. Сіздер Әскери өмірдің тыныс-тіршілігін, тәртіп пен дайындығын, әскери қызметшілердің патриоттық ұстанымын кеңінен көрсетуге атсалысып келесіздер, — деп атап өтті Нұрлыбек Сунятсонович.
Әрі қарай қонақтарды концерттік бағдарлама ұсынылды. Бөлімнің әскериоркестрімерекелікатмосферанықұра отырып, бірқатармузыкалықшығармаларды орындады.
Кейін қонақтардың назарын кинологиялық қызмет мамандары аударды. Әскери қызметшілер төрт аяқты серіктестерімен бірге шартты құқық бұзушының ұсталғанын көрсетті. Үйлесімді іс-шаралар мен дайындықтың жоғары деңгейі көрермендерді таң қалдырды.
Келесікезең қару-жарақпенәскеритехниканыңкөрмесіболды.Журналистер техника үлгілерінқарапқана қоймай, қарудыжекебөлшектеуге, жауынгерлікмашиналардаотыруғажәнеәскери қызметшілерге қызықтырғансұрақтарын қоюға мүмкіндікалды.Бұлинтерактивтітәсілқонақтарғабөлімшеніңқызметіментехникалықжабдықталуерекшеліктерінтереңіректүсінуге мүмкіндік берді.
— Бүгін біз әскери бөлімге барудан жарқын әсер алдық. Ішкі жағынан ұландықтардың қызметін көру, олардың тұрмысы мен техникасымен танысу өте қызықты болды. Барлығы жоғары деңгейде өтті, — деді «Vera.kz» сайтының тілшісі Анна Цурканова.
Баспасөз туры әскери бөлімнің мұражайына экскурсиямен аяқталды. Мұнда журналистер бригаданың қалыптасу тарихы, оның дәстүрлері мен жетістіктерімен танысты.