Бүгін аудан басшысы Алмалы ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, елді мекендердегі бірқатар әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, тұрғындармен кездесті деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Сапар барысында Бәйдібек ата, Алмалы және Жарықбас ауылдарындағы ауыз су ұңғымаларын аралап, олардың техникалық жағдайын тексерді. Су көздерін жақсарту мен тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселелері назарға алынды.
Сонымен қатар Жарықбас ауылындағы ескі және жаңадан құрылысы аяталған медициналық амбулаторияның құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда нысанды пайдалануға беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған нысандағы анықталған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру бойынша біршама ескертулер жасады.
Сапар соңында аудан әкімі жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ауыл халқы инфрақұрылым, ауыз су, жол жөндеу секілді мәселелерді көтеріп, аудан басшылығына бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Ерлан Нұрмаханов көтерілген мәселелерді назарға алып, оларды кезең-кезеңімен шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Бәйдібек ауданы әкімінің ауылдық округтерге жұмыс сапарлары жалғасатын болады.