Бүгін Түркістан облысында орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің «Қаратау» тау-кен оқу орталығына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков келді деп, хабарлаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі.
Бригадакомандирі,полковникМаратРахпановпен бірге мәжілісменорталықтыңинфрақұрылымымен,оқунысандарымен,казармалармен,асханаменжәнебасқа да қамтамасыз ету элементтеріментанысты.
— «Бұл тау-кен оқу орталығы жеке құрамды сапалы дайындау үшін барлық қажетті инфрақұрылымға ие. Мұнда әскери қызметшілердің физикалық төзімділіктен тактикалық дағдыларға дейін жан-жақты дамуы үшін оңтайлы жағдайлар жасалған», — деп атап өтті полковник Марат Рахпанов.
Кездесу барысында Олжас Құспеков әскери қызметшілермен әңгімелесіп, қызмет пен оқу жағдайларын одан әрі жақсартуға қатысты ұсыныстар мен айтылған сұрақтарды тыңдады. Ол жауынгерлік дайындықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, өзекті міндеттерді шешуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Айта кету керек, 6506 әскери бөлімінің қарамағындағы «Қаратау» тау-кен оқу орталығы бірегей оқу базасы болып табылады. Онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әскери қызметшілер, оның ішінде әртүрлі күш құрылымдарының арнайы бөлімшелерінің жауынгерлері дайындықтан өтеді. Мұнда таулы жерлерде әрекет ету дағдылары пысықталады, қарқынды жауынгерлік, тактикалық және дене шынықтыру дайындығы жүргізіледі. ⠀
⠀