🤝 18 қазан – Рухани келісім күніне орай Мақтаарал ауданында мешіт жамағаты арасында кіші футболдан турнир өтті. 🏆 Спорттық шараның басты мақсаты – қоғамдағы рухани келісім мен өзара ынтымақтастықты нығайту, діни татулықты дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және мешіт жамағаты арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту.🥇 *Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🏆 І орын – Абдул-Әкім орталық мешітінің діни қызметкерлері;
🥈 ІІ орын – А. Қалыбеков ауылдық округінің имамдары;
🥉 ІІІ орын – Мақтаарал ауылдық округінің діни қызметкерлері.
🎁 Жүлдегерлерге І орын үшін теледидар, ІІ орын үшін автоматты кір жуғыш машина, ІІІ орын үшін шаңсорғыш табысталды. 🎖️ Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, медальдармен және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Тартысты өткен спорттық дода қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бірлік пен достықтың, өзара құрмет пен татулықтың жарқын үлгісіне айналды. Рухани келісім – ел бірлігінің негізі! Осындай игі бастамалар қоғамдағы татулықты нығайтып, ортақ құндылықтар төңірегінде топтасуға ықпал етеді. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын!

