Қазақстан Республикасы бойынша өтіп жатқан Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу онкүндігі аясында, Түркістан қаласындағы №33 жалпы білім беретін мектебі аса маңызды және жан тебірентерлік іс-шара өткізді. 2 желтоқсан күні мектептің 7-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған “Бақытты отбасы балалар көзімен” атты шығармалар байқауы – оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға және олардың азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған қадам болды.
Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын тереңінен дәріптеу. Мектеп оқушыларына өз отбасына деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін және жылы сезімдерін шығармашылық тіл арқылы еркін жеткізуге толық мүмкіндік берілді. Бұл шара балалардың отбасы ішіндегі бақытты сәттерді, жылулық пен өзара түсіністікті қалай қабылдайтынын көрсетуге арналған ерекше алаң болды.
Сондай-ақ, іс-шараның тағы бір өзектілігі – оқушылардың санасында зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұратын саналы көзқарас қалыптастыру. Бақытты отбасының жарқын бейнесін суреттеу арқылы, балалар ізгілік пен қауіпсіздік мәдениетінің маңыздылығын тереңірек сезінді.
Байқауға жалпы саны 50 оқушы қатысты. Олардың әрқайсысы қағаз бетіне отбасылық құндылықтарды өз жүректеріндегі мейірім, таза ой және шынайы сезіммен жеткізген суреттерін салды. Әр сурет туындысы – балалардың бақытты отбасы туралы арманы мен олардың өмірге деген позитивті көзқарасының көрінісіне айналды.
Қазылар алқасы үздік шығармаларды бағалап, балалардың творшествалық қабілеттері мен тақырыпты ашу деңгейіне қарай жеңімпаздарды анықтады.
Олар: I орын: Кәрім Айнамкөз
II орын: Келесбек Нұрай
III орын: Раматуллаева Елдана
Жеңімпаздар мен байқауға белсене қатысқан оқушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттау рәсімі балалардың еңбегін бағалаумен қатар, оларды болашақта да шығармашылыққа ынталандырары сөзсіз.
Осындай іс-шаралардың маңызы зор. Олар тек әдеби байқау ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақтың санасына ізгілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Отбасының жылулығын суреттеу арқылы, балалар зорлық-зомбылықтың орнын тек махаббат пен өзара қолдау ғана баса алатынын іс жүзінде түсінеді.
№33 мектеп бұл шара арқылы оқушыларды тек білімді ғана емес, сонымен қатар жан дүниесі бай, адамгершілігі мол, өзгерістерге бейім азаматтар етіп тәрбиелеуге ұмтылатынын тағы бір дәлелдеді.

