Түркістан қаласының көпқабатты тұрғын үй қорының сапасын, қауіпсіздігін және коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту мақсатында қала әкімінің орынбасары Әбілсейіт Байсейітұлы Рабаевтың төрағалығымен маңызды мәжіліс өтті. Бұл жиын тұрғындар мен меншік иелерінің тарапынан көтерілген өзекті мәселелерін жүйелі түрде шешуге арналды.
Мәжіліске тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты барлық негізгі мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты. Атап айтқанда, қалалық құрылыс, сәулет, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдері, полиция басқармасы және төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, иженерлік желілерді қамтамасыз ететін мекемелердің, яғни газ және электр желілері, «Жылу» МКК, «Түркістан-Су» МКК, мониторинг орталықтары, мердігер ұйымдар мен тұрғындар да қамтылды.
Кешенді түрде бірлескен мәжіліс барысында тұрғындар мен меншік иелері бірлестіктерінен келіп түскен бірқатар негізгі және шұғыл шешімді талап ететін мәселелер талқыланды. Тарқатар болсақ, көпқабатты үйлерге жапсарлас орналасқан кәсіпкерлік нысандарының жылу жүйесіне заңды түрде қосылуын тексеру және осы арқылы жүйеге түсетін артық жүктемелерді реттеу. Сонымен қатар, бірқатар ғимараттардағы құрылыс ақауларын, сынған терезелерді, су басқан жертөлелерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу мен жертөлелердің су басуы жылу және су желілерінің жұмысына кері әсерін тигізетін мәселелер айтылды.
Сондай-ақ, аула аумақтарындағы абаттандыру сапасын жақсарту және вандализмнің алдын алу шараларын күшейту. Ойын алаңшаларындағы және пәтераралық инженерлік жүйелердегі (мысалы, лифтілер, канализация) кемшіліктерді анықтап, оларды ретке келтіру. Фасад бояуын жаңартуға байланысты шаралар қабылдау қажеттігі айтылды, бұл қаланың жалпы эстетикалық келбеті үшін маңыздылығы да ескерілді.
Қала әкімінің орынбасары Әбілсейіт Рабаев көтерілген мәселелерді жете қарастырып, оларды шешудің нақты жолдарын белгіледі. Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелер мен мердігер ұйымдарға шұғыл және ұзақ мерзімді орындауға жататын нақты тапсырмалар жүктелді.
Әбілсейіт Байсейітұлы тұрғын үй мәселесіндегі барлық кемшіліктер мен өтініштер қала әкімінің тікелей назарында екенін баса айтты. Бұл мемлекеттік органдардың тұрғындардың мүддесін бірінші орынға қоюға және коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыруға деген жоғары жауапкершілігін көрсетеді.
Түркістандағы бұл мәжіліс қаладағы көпқабатты үйлердің жай-күйін жүйелі түрде бақылауға және туындаған проблемаларды тиімді шешуге бағытталған мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жеделдігінің көрінісі болды.
Бүгінгі қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне басымдық берілген маңызды мәжілістің өтуі тек әкімшілік рәсім ғана емес, сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аймақтық деңгейдегі практикалық және идеялық көрінісі. Ашық диалог – қазіргі қазақстандық саяси жүйенің тірегі, ол билік пен халық арасындағы құқықтық және әлеуметтік келісімнің алтын көпірін орнатары сөзсіз.

