– «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін. Әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан азаматтары мұны кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді.
Біз, түптің түбінде табиғаттың байлығына және күнделікті тұрмыс – тіршілігімізге немқұрайлы қарайтын жағымсыз әдеттен біржола арылуымыз қажет. Тазалықты сақтау және табиғатты аялау ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Өркениетті елдердің бәрі осыны ұстанады.
«Таза Қазақстан» жобасының жүзеге асуына ең алдымен, әкімдер жауапты. Елді мекендердің тазалығы – тұрмыс сапасының жоғары екенін білдіреді. Мен аймақтарға барғанда қалалардың қалай абаттандырылғанына үнемі назар аударамын. Осы ретте «Таза Қазақстан» идеясы ұлттық идеологиямыздың аса маңызды бөлігіне айналуға тиіс екенін тағы да ұайталап айтамын, — деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін, Созақ ауданы әкімі аппараты қолдау мақсатында ел игілігіне қажет шараларды жиі өткізіп келеді.
Нақтырақ айтсақ, Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында күзгі тал егу науқаны қарқынды жүргізіліп, нәтижесінде 22 500 түп тал көшеті отырғызылды. Әрине, бұл бастама Мемлекет басшысының экологиялық мәселелерді шешуге, орман алқаптарын ұлғайтуға және жаһандық климаттық сын-қатерлерге ұлттық жауап беруге бағытталған бастамаларының жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары арқылы пәрменді іске асуының айқын дәлелі десек те болады.
Жалпы, көшеттерді отырғызу – тек қана экологиялық шара емес, сонымен бірге ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық жоба. Бұл – ауданның болашақ ұрпақтарына таза ауа, көлеңке және эстетикалық тартымды ортаны қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік аппараттың этикалық және саяси міндеттемесі. Отырғызылған 22 500 түп көшеттің саны – Үкіметтің «Жасыл Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес, Созақ ауданының жасыл қорды көбейту және экологиялық ахуалды жақсарту ісіне қосқан нақты инвестициясының өлшемі болып табылады.
Тал егу науқанының ауылдық округтер мен кент тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен аудан жастарының белсенді атсалысуымен өтуі – мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметіндегі қоғамдық қатысуды мобилизациялаудың жоғары тиімділігін көрсетеді. Көшеттердің Шолаққорған – Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағына, ауылдардағы саябақтар мен демалыс аймақтарына, негізгі көшелердің бойына, әлеуметтік нысандардың ауласы мен елді мекендердің көрікті орындарына шоғырландырылып отырғызылуы – көгалдандыру жұмыстарының бей-берекетсіз емес, нақты жоспарлы және стратегиялық мақсатқа бағытталғанын білдіреді.
Ауылдық округтер, кент тұрғындары, мекеме қызметкерлері және аудан жастарының қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлестерін қосуы – бұл мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық қолдаудан бөлек, халықтың өз жеріне деген жауапкершілігін және азаматтық сана-сезімінің жоғары деңгейін көрсетті. Өйткені, сенбілік – саяси тұрғыдан алғанда, Созақ ауданының әртүрлі әлеуметтік топтарының ортақ экологиялық мүдде аясында бірігуін және ынтымақтастығын күшейтетін механизм болып табылады.
Тақырыпты тарқата келе айтпағымыз, Созақ ауданындағы 22 500 түп тал көшетін отырғызу науқаны – Мемлекет басшысының жасыл экономиканы дамыту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларының сәтті іске асуының айқын дәлелі. Жергілікті билік, мемлекеттік органдар және аудан тұрғындарының бірлескен жұмысы – Созақ ауданын экологиялық тұрғыдан сау және эстетикалық тартымды өңірге айналдыруға деген ұжымдық міндеттемені білдіреді. Бұл шара болашақ ұрпақтарға таза қоршаған ортаны мұра етудің саяси және әлеуметтік маңызын көрсетеді.

