Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлеріне қойылатын талаптар әрдайым жоғары. Олардың кәсіби біліктілігімен қатар, жеке құрамның тәртіптілігі, заңдылықты сақтауы және моральдық-психологиялық тұрақтылығы аса маңызды. Осы мақсатта Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасындағы №1 және №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында ауқымды тәрбие жұмысы ұйымдастырылып, тәртіп пен заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды тыңдалым өткізілді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері арасында заң бұзушылықтарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, сондай-ақ қоғамда тәртіпсіздік тудыратын әрекеттердің алдын алу болды. Семинар барысында қызметтік-әскери тәртіптің әртүрлі бағыттары бойынша терең түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерді қатаң сақтаудың, қызметтік міндеттерін адал атқарудың маңыздылығы түсіндірілді. Әрбір қызметкердің мемлекеттік қызметкер мәртебесіне сай болуы, қоғамда үлгі көрсетуі керектігі баса айтылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың мемлекет пен қоғамға тигізетін зияны, оған қарсы күрестің мемлекеттік саясаттағы басымдығы туралы сөз қозғалды. Мұнан бөлек жемқорлық көріністеріне жол бермеу, оны болдырмау және оған қатысты кез келген әрекеттер туралы хабарлаудың маңыздылығы түсіндірілді. Қызметкерлердің қызметтік этика нормаларын сақтауы, өзара сыйластық, жауапкершілік, адалдық сияқты қасиеттерді қалыптастыру қажеттілігі талқыланды. Психологтар қызметкерлердің эмоционалдық тұрақтылығын сақтау, стрессті басқару және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау туралы кеңестер берді. Қызметтік-әскери тәртіпті нығайту бағытында бөлім ішіндегі тәртіпті, ішкі ережерлерді, жарғылық талаптарды қатаң сақтау, басшылықтың бұйрықтарын орындау және қызметтік міндеттерді уақтылы әрі сапалы атқару мәселелері қамтылды. Жеке құрамның бірлескен жұмысының тиімділігі тәртіпке тікелей байланысты екені атап өтілді. Сондай-ақ, деструктивті әдеттердің алдын алу, яғни құмар ойындарға тәуелділік, зиянды әдеттер (алкоголь, есірткі) сияқты проблемалардың қызметкерлердің денсаулығына, отбасына және кәсіби қызметіне кері әсері туралы түсіндірілді. Салауатты өмір салтын ұстанудың және психологиялық қолдаудың маңызы атап көрсетілді.
Түсіндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды тыңдалым өткізілді. Бұл тыңдалым барысында қызметкерлердің тәрбие жұмысының тиімділігіне қатысты пікірлері тыңдалды. Мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар қабылданды. Кемшіліктер мен жетілдіру қажет бағыттар анықталды. Жиын соңында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ортақ шешімдер қабылданды. Жалпы қорытынды тыңдалым іс-шараның ашықтығын және кері байланыстың маңыздылығын көрсетеді. Бұл, өз кезегінде, тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға және қызметкерлердің оған белсенді қатысуына ықпал етеді. Тәртіптің маңызы және болашақ перспективалар төтенше жағдайлар қызметінің әрбір қызметкері үшін қажеттілігі орасан. Кез келген адам баласының қалыпты өмірге бейімділігі – бұл тек техниканы меңгерген маман ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері бар, заңға бағынатын және оны өз кезегінде орындай алатын, құқықтық сауаттылығы басым азамат болуы тиіс. Шынтуайтқа келгенде төтеншеліктердің жұмысы адам өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты болғандықтан, кез келген тәртіп бұзушылық немесе заңға қайшы әрекет ауыр салдарға әкеліп соғуы әбден мүмкін. Ендеше қай салада, қандай қызметте жүрсеңізде, адалдық алаңынан аттамай, сенім артқан қызметті аброймен атқарған маңызды.
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бұл іс-шарасы – жеке құрамның жауапкершілігін арттыруға, қызметтік әдеп пен тәртіпті нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Мұндай шаралардың тұрақты өткізілуі қызметкерлер арасында салауатты психологиялық ахуалды қалыптастырып, олардың кәсіби міндеттерін тиімді орындауына мүмкіндік береді. Тәртіптілік пен заңдылықты сақтау – бұл төтенше жағдайлар қызметінің сенімділігі мен тиімділігінің негізгі кепілі.