Қазақстан әділеттілікке, заң үстемдігіне және тәртіпке негізделген даму жолымен сенімді ілгерілеп келеді. Конституциялық өзгерістер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтті.
Құқық қорғау органдары жазалаушы тәсілден профилактика қағидатына көшті. Халық саны өсіп жатқанымен, елдегі қылмыс деңгейі төмендеуде. Бұл — барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың жүйелі әрі нәтижелі жұмысының нақты көрсеткіші. Соңғы жылдары қылмыс деңгейі 2 есеге төмендеді, адам өлтіру мен зорлау – 50%, бұзақылық – 70%, қарақшылық пен тонау – 80% азайды. Қылмыстық индекс бойынша Қазақстан бірнеше жылда әлемдік рейтингте 60 сатыға көтерілді. Бұл – тұрақтылықтың, реформалардың және мемлекетке деген сенімнің объективті көрінісі. Елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы бекітілді. Ол тек күштік құрылымдарға ғана емес, бүкіл қоғамға қатысты. Басты мақсаттар – құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік, заңды құрметтеуді балалық шақтан қалыптастыру, мәдени-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту. Осыған байланысты қазіргі таңда оқушылар мен студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінуде – бұл еліміз халқының үштен бір бөлігін құрайтын топ. Мектептерде «Заң мен Тәртіп» пәні енгізілуде. Бұл бастама қоғам тарапынан қолдау тапты. Прокурорлар 2 миллион азаматтың әлеуметтік құқықтарын қалпына келтірді. 4 млрд теңге еңбекақы берешегі – ондаған мың қызметкерге қайтарылды, 12 млрд теңге алимент – балалардың пайдасына өндірілді, 630 млрд теңге – мемлекет кірісіне қайтарылды, 850 балалар үйінің түлектері мен әлеуметтік осал азаматтар баспанамен қамтамасыз етілді, тұрғын үй бөлу практикасы қайта қаралды.
Ұрланған активтерді қайтару бойынша — 770 млрд теңге бюджетке қайтарылды. Осы қаражаттың есебінен 300-ден астам әлеуметтік нысан – мектептер, ауруханалар, спорт кешендері және шалғай өңірлердегі 2 миллионға жуық адамды таза ауыз сумен қамтамасыз ететін нысандар салынып жатыр. Прокуратура олардың мақсатты жұмсалуын мұқият бақылауда ұстап отыр. Активтерді заңдастыру туралы заң аясында 5,3 трлн теңгеден астам инвестициялар тартылған ірі жобалар бойынша ерікті келісімдер бар. Бұл – жұмыс орындары, инфрақұрылым және қылмыстың алдын алу тетіктері. Прокурорлар 1300-ден астам инвесторға көмектесті. Осы қолдаудың нәтижесінде 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, сақталды. Бизнестің құқықтарын қорғау саласында ілгерілеу байқалады: азаматтық істер бойынша инвесторларға қарсы талаптар – 25%-ға, ал бизнеске қатысты қозғалған қылмыстық істер саны – 3,8 есеге (1553-тен 406-ға) қысқарды. Құқық қорғау саласының цифрлық трансформациясы – басты бағыттарымыздың бірі. Қылмыстық істердің 95%-ы электрондық форматта тергелуде, тергеу мен істерді сотқа жолдау мерзімдері қысқартылды, тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелерінде бейнебақылау толық енгізілді. Нәтижесінде азаптау жағдайлары 4 есеге азайды. «Цифрлық қадағалау» жүйесі мен жасанды интеллект элементтері арқылы іздеуде жүрген қылмыскерлер мен борышкерлер автоматты түрде анықталады. Жыл басынан бері 2 500 іздеудегі тұлға ұсталды. IT-технологиялар — құқық бұзушылықтардың алдын алудың және «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асырудың маңызды құралына айналды.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл күшейтілуде: халықаралық колл-орталықтар жойылуда, SIM-бокстар мен SIP-телефония бұғатталуда. Есірткі бизнесімен күресте жаңа тәсілдер енгізілуде. Химиялық заттардың айналымына толық бақылау орнатуға бағытталған Таргетинг-орталық іске қосылды. 10 млрд теңгеден астам есірткі қаржысы бұғатталды. Қазақстан Еуропалық құқықтық көмек туралы Конвенцияға қосылу жөнінде ресми шақыру алды. Бұл – құқықтық және дипломатиялық үлкен жетістік. Бұл – Еуропалық Одақтың Қазақстанның құқықтық жүйесін мойындауы. Мұнда Мемлекет басшысының рөлі ерекше болды. Барлық осы реформалар мен бастамалар – бір мақсатқа бағытталған: Әділетті Қазақстан құру. Онда заң – бәріне ортақ, ал тәртіп – дамудың негізі.
ДОКЛАД ГЛАВЕ ГОСУДАРСТВА
Казахстан уверенно движется вперёд по пути справедливости, законности и порядка. Конституционные изменения усилили правозащитный вектор прокуратуры. Правоохранительные органы перешли к принципу профилактики.
Население страны растет, но преступлений становится меньше. Это — показатель системной, результативной работы всех служб и институтов общества. За последние годы преступность снижена в 2 раза, убийства и изнасилования на -50%, хулиганства -70%, грабежи и разбои -80%. Индекс преступности: Казахстан за несколько лет поднялся на 60 позиций в мировом рейтинге. Это отражение объективных процессов: стабильности, реформ, доверия к государству.
В стране утверждена Концепция “Закон и Порядок”. Она касается не только силового блока, но и всего общества. Главные цели — нулевая терпимость к правонарушениям, воспитание уважения к закону с детства, укрепление моральных, культурных и семейных ценностей. Именно поэтому сейчас делается упор на правовое просвещение школьников и студентов — треть населения страны. Внедряется предмет «Закон и Порядок» в школах. Инициатива получила общественную поддержку. Прокуроры восстановили социальные права 2 млн граждан. 4 млрд тенге невыплаченных зарплат— возвращены десяткам тысяч работников, 12 млрд тенге алиментов — возвращены детям, 630 млрд тенге взыскано в доход государства, 850 выпускников детдомов и социально уязвимых получили жильё, пересмотрена практика распределения квартир.
По возврату похищенных активов — 770 млрд тенге возвращено в бюджет, на часть этих средств строится свыше 300 соцобъектов — школы, больницы, спорткомплексы, водоснабжение для 2 млн человек в регионах. Прокуратурой ведется строгий учет их расходования. Имеются добровольные соглашения по Закону об амнистии активов, более 5,3 трлн тенге инвестиций в крупные проекты. Это — рабочие места, инфраструктура, снижение преступности. Прокуроры помогли более 1300 инвесторам. Благодаря этой помощи, создано и сохранено более 10 000 рабочих мест. Давление на бизнес снижено, иски к инвесторам по гражданским делам на -25%, уголовные дела против бизнеса — в 3,8 раза (с 1553 до 406). Цифровизация правоохранительной системы один из наших флагманов, 95% уголовных дел расследуются в электронном формате, сокращены сроки расследования и направления дел в суд, введено сплошное видеонаблюдение в СИЗО и колониях, пытки сократились в 4 раза. Введение цифрового надзора и применение искусственного интеллекта позволило автоматически выявлять преступников и должников в розыске. Как результат — 2500 разыскиваемых с начала года.
IT-технологии — важная часть профилактики и реализации принципа «нулевой терпимости». Усиливаем борьбу с кибермошенничеством, ликвидируем международные колл-центры, блокируются SIM-боксы и SIP-телефония. Применяем новые методы — в борьбе с наркобизнесом, запущен пилот Таргетинг-центр — по контролю за химическими веществами, заморожено свыше 10 млрд тенге наркоденег. Казахстан получил приглашение о присоединении к Европейской конвенции о взаимной правовой помощи. Это важный дипломатический и юридический прорыв. Признание Евросоюзом правовой системы Казахстана, где огромную роль сыграло личное участие Главы государства. Все реформы, инициативы и меры работают на одну цель — Справедливый Казахстан, в котором закон одинаков для всех, а порядок — основа развития.