Табиғи ресурстарға бай Қазақстан ауқымдым экологиялық өзгерістердің қарсаңында «Таза Қазақстан» акциясы бастау алды.
«Таза Қазақстан» акциясының болашағы өте бай оптимистік Мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның бірлескен күш жігерінің арқасында Қазақстан экологиялық тұрақтылық саласында басқа елдерге үлгі бола алады. «Таза Қазақстан» бір реттік акция емес, мемлекеттің, бизнес пен азаматтық қоғамның тұрақты қатысуы мен қолдауын талап ететін ұзақ мерзімді бағдарлама екенін атап өткен жөн.
Бастапқыда Президенттің тапсырмасымен 8 сәуір мен 13 мамыр аралығында жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипат алып келеді. Өйткені межелі уақыт біткенімен, көше, өңір, аймақ, аумақ тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбеймесе азаймай тұр. Тіпті, халықтың екпінімен бұл акция жылдарға жалғасын тапты. Өйткені белгілі спортшылар, өнер жұлдыздары, танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, әкімдіктер мен министрліктердің қызметкерлері, кәсіпорындармен ұйымдардың ұжымдары тағы да басқа ел өміріне бей‑жай қарай алмайтын замандастарымыздың ынтасы жоғары. Ал солардың барлығынан да жастардың арыны басым. Бұл болашақ саналы ұрпақ қалыптасып келе жатқанын білдірсе керек. Ал ол идеяны көтеріп отырған, ең бірінші кезекте Президентіміз.
«Шын мәнінде елімізде көгаландыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпықлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халқы үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сондай – ақ, бұл жұмыс елорда және ірі қалаларда ғана емес, шағын қалаларда, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылады. Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байланысты. Мен жастарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қараймын» деді Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық деңгейде өтіп жатқан «Таза Қазақстан»» акциясы ауқымын Түркістан облысы Төлеби ауданы жоғарғы Ақсу ауылдық округі Мәдени елді мекенен байқауға болады. Аталмыш елді мекенде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік тұрақты түрде өкітізіліп тұрады. Елді мекен халқы аптаның жексенбі күндерін тазалық шарасына арнап, бұл күні еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін таңмен таласа тұрып өз аулаларын, көше бойларын күл -қоқыстан тазартады.
Ауылдағы 8 көшедегі 236 үйден 500 ге жуық тұрғындар сенбілікке қатысып, оның барысында саябақ, сквер, мешіт маңы, көше бойлары, қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ағаштар бұталып, шөптер орылды. Жол бойындағы ағаштар әктеліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Ауыл тумасы, кәсіпкер Батырбек Көшербай бастаған сенбілікке қатысушылардың айтуынша, бұл шаралар тек қоршаған ортаны ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен ұйымшылдықты да нығайта түседі. Ауыл жастарының белсенділігі мен үлкендердің үлгі көрсетуі сенбіліктің нәтижелілігін арттыруда. Сонымен қатар, мұндай игі істер арқылы балалар мен жасөспірімдердің табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қамқорлық сезімі қалыптасуда.
Сенбілікке қатысушылар тазалық жұмыстарынан кейін арнайы қазанға ыстық тағам дайындап, бірлігі мен ынтымағының үлгісін көрсете отырып, үлкен дастарханда бас қосты. Дәстүрге айналған жиынды әр көше кезегімен ұйымдастырып, татулықтың туын көтеріп келеді.
Экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару және әрбір азаматты табиғатқа жанашыр болуға шақыруға арналған іс-шарада жиналған қоқыс 7 техниканың көмегімен арнайы орынға жеткізілді.
«Таза Қазақстан экологиялық акциясы басталғалы бері Төлеби ауданының жұртшылығы қоршаған ортаның тазалығы жолында өңір азаматтары жұдырықтай жұмылып іске кірісуде. Алдағы таңда да осындай игілікті жұмыстар жалғасын табатын болады.