Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген әрбір отырысында, инфроқұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарының бірі екенін еске салып отырады.
Осыған байланысты Үкімет 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфроқұрылым жоспарын әзірлеп, бекітті. Құжаттың стратегиялық міндеті – басым жобаларды айқындау, нысаналы көрсеткіштер мен инфроқұрылымның негізгі бағыттарын белгілеу.
204 жобаны қамтыған Қазақстанның инфроқұрылымдық даму жоспары төрт негізгі бағытқа бөлінгені айқын.
Алғашқы міндеттердің қатарында апатты жағдайда тұрған нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, экономикалық өсу, мәселен Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров Киелітас елді мекеніндегі Мәдениет үйінің құрылысына барып, «Qazaqbetum» ЖШС‑нің жұмысымен танысты және межелеген уақытта бітуі бақылауда болатынын тапсырды. Айта кетсек, ауылдық округтегі Мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталған. Мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС‑і. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отырған жоба құрылысы, осы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл – ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Ал жоба төңірегінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфроқұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктері мен мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. Басты талап, қанша мектеп пен аурухана, қанша шақырым жол салынады, ауылдық елді мекендер газбен, сумен қаншалықты қамтылады, оған қоса ескірген нысандарға жөндеу жұмыстары тағы басқа да мән жайлар қолға алынады.
Бұл бағытта ауданда жаңа инженерлік‑ инфроқұрылымдар тұрғын үй нысандары және білім, мәдениет, спорт ғимараттары салынуда.
Алдымен сөз басын күрделі жөндеу жұмыстарынан бастасақ, Қазақстан, Кеңесарық елді мекендеріндегі орта мектептер күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде. Аталмыш нысандарда 2025 жылға өтпелі.
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында:
- Достық елді мекенінде 900 орындық;
- Көксәйек елді мекенінде 600 орындық;
- Қосағаш елді мекенінде 300 орындық;
- Бірінші Мамыр елді мекенінде 900 орындық мектептер салынуда.
Аталған мектептердің үшеуі 2025 жылға өтпелі болса, ал Бірінші Мамыр елді мекеніндегі мектеп 2026 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Сондай‑ақ, Көксәйек елді мекені мен Момынай елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылыстары осы жылы аяқталады деп күтілуде. Одан өзге Зертас елді мекендерінен заманауи үлгідегі спорт кешендерінің жобалары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған.
Алғабас, Ақбастау елді мекендерінде құны 338 млн теңге болатын спорт кешенінің құрылысы «Шымкентцемент» ЖШС‑ нің демеушілігімен жүргізілуде екен.
Жеке кәсіпкер Кулбаевтың демеушілігімен Зертас елді мекенінде құны 30 млн теңгені құрайтын және Жамбыл елді мекенінде ауыл тұрғындарының демеушілігімен құны 40 млн теңгені құрайтын спорттық нысандар салынуда.
Нәтижесінде бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны 55 мың адамды құрап, 45,2 пайызға жеткен.
Жалпы аудан аумағында 754 шақырымды құрайтын 552 ішкі көшелер болса, оған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 316 млн теңге және жергілікті бюджеттен 196 млн теңге бөлініп, елді мекендердегі ішкі көшелердің жөнделу фактісі 90,2 пайыздан 93,2 пайызға жеткен.
Бүгінгі күні автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін аудан бюджеті есебінен 440 млн теңгеге 21 елді мекеннің 36 көшесінің 49,2 шақырымын орташа жөндеуден өткізу басталып кетті.
Аталмыш жоба аясында 8 елді мекеннің 13 көшесінің 17 шақырымын орта жөндеуден өткізуге 505 млн теңге қарастырылған.
Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында Мәдени, Жаңаұйым, Абай елді мекендерінің 5 көшесіне, яғни 3,6 шақырымына су ағар орнату аудан бюджетінен 88,7 млн теңгеге іске аспақ.
Алшалы, Абай, Қарақия елді мекендеріндегі 4 көшесінің 5,3 шақырымына аяқ жол салу да аудандық бюджеттен 109 млн теңгеге жүргізілмек.ғғ
Ағымдағы жылы өнеркәсіп саласына құны 4 млрд теңгені құрайтын 2 ірі инвестициялық жобалар жоспарлануда. Атап айтқанда, «Тауэнерго» ЖШС Қаратөбе ауылдық округі Төңкеріс елді мекені Балдыберек өзенің жанында құны 2млрд 500 млн теңге болатын қуаттылығы 3,2 мВт/сағ шағын ГЭС құрылыс және «Jasul Quat» ЖШС Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Сарқырама елді мекені Ақсу өзенің жанында құны 1 млрд 500 млн теңге болатын қуаттылығы 2,0 мВт/сағ шағын ГЭС құрылысы жүргізілуде.
Жаңа жұмыс орныдарын құру, салық түсімдерін ұлғайту мақсатында Бадам өзенінің жағалауынан «Бу генерация қондырғысы базасында электр станциясы құрылысы үшін» жалға берілген 100 гектар жер телімін қайтару есебінен ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРУ бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде аудан орталығы Ленгір қаласындағы ең өзекті мәселелердің бірі – кәріз жүйесі.
Жаңадан салынып, кәріз жүйесіне қосылған үйлердің санының артуына байланысты біріңғай кәріз жүйесінің күші жетпеуде. Осыған орай « 3‑ Кәріздік тазарту қондырғысының» құрылыс жұмыстарын жалғастыруға Ұлттық қор есебінен 1млрд теңге қарастырылып жатса, Ленгір қаласындағы №1,2 кәріз тазалау ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 70,7 млн теңгеге жобалық‑ сметалық құжаттама әзірленіпті.
Сондай‑ақ, Ленгір қаласы Алатау мөлтек ауданындағы 2,0га жер теліміне ПС‑110/10кВт қосалқы станциясының құрылысын аяқтауға 50млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілген. Нысанды ағымдағы жылдың маусым айына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Электр желісін жүргізуге және трансформатор орнату жұмыстары аудандық бюджет есебінен және «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының инвестициялық бағдарламасының аясында биыл 32,3 шақырым электр желісі мен тозығы жеткен 5 трансформатор ауыстырылған. Алдағы жылдары да ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылып, жаңа трансформаторлар орнатылатыны жалғасын таппақ.