
– Түркі елдерінің астанасы Түркістан қаласына қош келдіңіз! 2018 жылы құрылған Түркістан облысының аумағы пайдалы қазбалар мен кен орындарына бай, өңірдің табиғи — климаттық жағдайы қолайлы, ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік береді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, экономиканың өсуі мен әртараптандырылуына қол жеткізудің негізгі факторларының бірі – инвестициялар тарту және индустрияны дамыту. Түркістан облысымен Иран Ислам Республикасының өңірлері арасындағы екі жақты ынтымақтастығының дамуы өте маңызды. Облыста шетелдік компанияларының өндірістерін ұйымдастыру үшін дайын инфрақұрылымы бар индустриалды аймақтар бар. Біз өзара тиімді сауда – экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделіміз және Ираннан келген компаниялар үшін бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.