Бүгін аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған жиынның күн тәртібінде 5 (бес) өзекті мәселе қаралды:
1. Бюджет қаражатының І-тоқсан қорытындысымен атқарылуы және меморандум көрсеткіштерінің орындалуы туралы;
2. Аудан көлеміндегі шегірткеге қарсы
атқарылып жатқан жұмыстардың барысы
туралы;
3. Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және кедейлікті төмендету жұмыстары туралы;
4. Ауыл округтердегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылуы және көктемгі көшет ету жұмыстары туралы;
5. 2025 жылғы Ауыл шаруашылығы санағына
дайындық жұмыстарының барысы туралы.

Аудан басшысы Азизхан Исмаилов күн тәртібінде айтылған негізгі мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасарларына, дербес бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, мәселелердің іске асуын өз бақылауында болатындығын жеткізді. Сонымен қатар, әкімі ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім басшыларына, кәсіпкерлікті дамыту, инвестор тарту жұмысын жандандырып, ауыл тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлу керектігін ескертті.