Бүгін ауданымыздың орталығы Темірлан ауылында «Темірлан Антитеррор-2025» атты терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді деп, хабарлаған Ордабасы аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ордабасы аудандық жедел штаб мүшелерінің және оның жедел топтарының терроризмнің неғұрлым өзекті актілерінің жолын кесу барысындағы практикалық дағдылары мен іскерліктерін жетілдіру болып табылады.
Оқу-жаттығу барысында жедел штабтың күштері мен құралдарын террористік акт жасалған жерге жинау, жеткізу жүйесінің элементтері тексерілетін болады.
Темірлан ауылының тұрғындарынан аталған оқу іс-шарасын өткізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ордабасы аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы