*Бүгін Түркістан облысында полиция мен азаматтар есірткіге қарсы күресте бірікті*
Дәлірек айтқанда, Түркістан облысының полициясы ҚР ІІМ-нің нұсқау хатына сәйкес есірткіге қарсы іс-қимылда маңызды қадам жасады. Алғаш рет ведомство жанынан Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес құрылды. Кеңес төрағасы ретінде Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманбек Сатымбекұлы Сахов тағайындалды.
Кеңес құрамында Түркістан облысында жастарымыз үлгі тұтатын танымал тұлғалар, өз ісінің кәсіби шеберлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер бар.
Толығырақ тоқталсам, Есірткі құқық бұзушылығының профилактикалық саласы жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары лауазымына мәслихат депутаты С.Арыстанов, ал мүшелікке У.Рахиев, Е.Төлепов, Ә.Халиллаев, О.Алтаева, Л.Бекеева, М.Жұмаханұлы, Х.Мохаммад, Қ.Абенов, Е.Төлегенов, Қ.Зайнишев, А.Ілескен, Г.Кипчакбаевалар тағайындалды. Полиция тарапынан мүше болған біздерге арнайы куәліктер табысталды. Яғни есірткі қылмысына қарсы күрес, заң мен тәртіпті сақтау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау бағытында полиция, азаматтық қоғам және танымал тұлғалар күшін біріктірді.
Айта кетер болсақ, Түркістан облысының полицейлері ағымдағы жылдың 3 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 113 деректі анықтаған. Заңсыз айналымнан 140 келіге жуық есірткі заттарын тәркілеген. 3 айда 311 түсіндірме шараларын өткізіп, оған 34 мыңнан астам тұрғындар қатысқан. Сондай-ақ 305 ақпараттық сайт анықталып, бұғатталды. 50 есірткі жарнамалаушы жазбалар өшірілді. Қызметтік иттердің көмегімен адамдар көп шоғырланатын орындарда 40 рет рейдке шыққан.
Жиын соңында кеңес мүшелері ортақ мақсат жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігімізді жеткізіп, естелікке суретке түстік.