
– Бүгін Қасиетті Қаратау етегінде орналасқан, тарих пен тағылым тоғысқан Бәйдібек өлкесінде сіздермен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, ифрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы алға қойған міндеттерді орындау үшін баршамыз жұмыла еңбек етіп, халқымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуымыз қажет. Бәйдібек ауданында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қысқаша тоқталып өтсемм, былтыр ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Бәйдібек ауданында 10 елді мекенде құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба қолға алынды. Оның ішінде 4 жоба биылғы жылға өтпелі. Нәтижесінде 2 елді мекендегі 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 көшенің құрылысы биылғы маусым айында пайдалануға беріледі. Алғабас, Тайманов, Жоғарғы Боралдай, Теректі елді мекендерін табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. Екі спорт кешені мен бір Мәдениет үйі биыл елге есігін ашады. Ауданның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 13 пайызға өссе, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 20 пайызға өскен. Біз өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытындағы белсенді жұмысты жалғастырамыз, – деген Нұралхан Көшеров аудан әкімі мен басқарма басшыларына бірқатар мәселе бойынша тапсырмалар берді.