Естеріңізде болса былтырғы Ұлттық құрылтайда бастама көтерген мәселелерге қатысты 9 заң қабылданды. Ойын бизнесін жарнамалауға тыйым салу, тарихи ескерткіштер мен табиғи нысандарды қорғау, әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, батырлар есімін ұлықтау, есірткі қылмысына жазаны күшейту және ономастика ережелерін жаңарту бастамалар бар. Мұның барлығы ел үшін өте қажетті заңдар, — деп қабылдауда тұрғындар.
Менің пайымымша қазіргі кезде болып жатқан құрылтай бұл жай ғана жиын емес, біздің еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан өте маңызды қадам. Былтыр қозғалған 10 мәселенің 9-ы заң жүзінде қалыптасып, қадағалануда.
Құрылтайда көтерілген мәселелер кейін заң жүзіне ұласып жатыр. Әсіресе балалардың, аналардың құқығын қорғау, әлеуметтік мәс елелер мен заңдылықты сақтауға қатысты дүниелердің заңға айналуы бұл құрылтайда көтерілген мәселелердің ары қарата тереңдетіп өмірден көрініс табатындығын, халықпен арадағы байланысқа ұласатындығын көрсетеді.
Бүгінгі өткен форумның мақсаты мен міндеті осының айғағы. Дәлірек айтсақ, өмірден өз жолын таппай, шалыс басқандардың өз ортасы мен қоршашан ортасына тигізген залалының жазылмас жарасы қалатыны, оның алдын алуға, тіпті қайталанбасына жасалынатын іс-әрекеттер жайында өткен форум, қатысушы ортаға ой салды.
Дәл солай, естеріңізде болса Мемлекет басшысы «Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Біз баршаға және әркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Бұл – әр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз.
Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп. Ал біздің идеологиямыз – қарапайым әрі түсінікті. Бұл – жаһандағы аса күрделі геосаяси ахуалда елімізді жаңа даму деңгейіне көтеру үшін берік негіз қалау деген сөз. Мемлекеттіміздің тағдыры мен ұлтымыздың берекелі өмірі осыған тікелей байланысты» деген болатын.
Бүгінгі таңда Қазақстан полициясы Президенттің тапсырмасын түбегейлі орындау мақсатында, яғни тұрғылықты халықтың тұрмысы мен тіршілігін, әлеуметтің әлеуетін жақсарту мақсатында бар мүмкіндікті пайдаланып, ынта-шынталарымен жұмыс жасауда. Осының айғағы, мысалы Түркістан облысы полиция департаментінің тәртіп сақшыларының атқарып жатқан жұмысына, көпшілік тұрғынның ризашылығы шексіз.
Оның айғағы, өзім сонау 1990 жылдан бері журналистік салада келемін. Әу баста газеттің корректор қызметтерін атқарып, бертін келе журналистикаға араластым. Міне сол кезе таныған Түркістан облысының бас қолбасшысы с, нағыз өз ісінің, өз ұрпағының жанашыр, қамқаршы басшысы ретінде танимын.
Әрине полиция жұмысының жағымсыз жақтары жайында айтылатын көптеген керағар пікірлер болып жатады. Алайда оның шындығына үңілу мүмкін емес. Себебі, көптеген керағар пікір авторлары табылмай жатады. Мейлі олар мен және менің елімнің патриот азаматтары үшін маңызды емес. Маңыздысы, елімнің, өз өлкемнің, туған жерім, елімнің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғайтын тәртіп сақшыларының барына сенімдімін және сенімім зор. Оның бәрі біздің қазақ елін басқарып отырған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ықпалы.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Республикалық “Aimagnews.kz” ақпараттық агенттігінің директоры Озипа Алтаева