🔷 Шымкент қаласында CityPass бірыңғай туристік картасы іске қосылады. Бұл жоба қала қонақтарына мәдени нысандарға, ойын-сауық орталықтарына, мұражайларға және басқа да көрікті жерлерге жеңілдікпен кіру мүмкіндігін ұсынады деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
🔷 CityPass картасы Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыру, қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр. Жаңа жүйе туристерге уақытты үнемдеуге, негізгі нысандарға қолжетімділікті арттыруға көмектеседі.
🔷 Картаны онлайн платформа арқылы немесе арнайы сату нүктелерінен сатып алуға болады. Бағдарлама аясында қосымша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар қарастырылған.
🔷 «CROCOS» ЖШС компаниясы бұл жобаны іске асыру арқылы Шымкенттің туристік инфрақұрылымын дамыту, қалаға келетін қонақтардың санын арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздейді.