Қоғамның тұрақтылығы мен дамуы құқықтық тәртіпке тікелей байланысты. Қылмыстың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін Қажымұқан ауыл округіне қарасты Ынталы ауылында қылмыстың алдын алу мақсатында жиын өткізілді.
Атаулы жиынға ардагерлер ұйымының төрағасы, ауыл округі аппаратының заңгер маманы мен Ынталы ауылы Т.Кәлпе мешітінің имамы қатысып, қылмыстың алдын алу бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қоғам арасында өз-өзіне қол салу фактісі, қылмыстық және алаяқтық іс- әрекеттердің орын алу жайлары кеңінен талқыланды. Одан бөлек, діни жағынан қарағанда, шариғатта өз-өзіне қол салған адамның жаназасы шығарылмайтындығы, алаяқтыққа және қылмыстық іс- әрекеттерге итермелейтін күмәнді топтардан алыс жүру керектігі түсіндірілді.
Қауіпсіз қоғамның салтанат құруы– әр азаматтың жауапкершілігінде!