
Жиын барысында департамент басшысы мемлекеттік қызметшілер өз ісін адал әрі жауапкершілікпен атқаруы тиістігін жеткізді. Жалпы мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа қызмет көрсетудің тиімділігі, заңдылықты қамтамасыз ету мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігіне байланысты екенін айтып, әр көрсетілген мәліметтің шынайылығын қамту қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, қаржылық пирамида, құмар ойындардан сала мамандарының аулақ болу қажеттігін ескертті.