
Қабылдауға келгендер негізіген жерге қатысты туындаған мәселені сөз етіп, жер қатынастары бөліміне шағымын жеткізді. Шахмат ойынын дамытуға ұсыныс айтып, тұрғын үйге алатын субсидия бойынша сұрақтарын қойды. Жеке кәсіпкер ерекше балаларға арналған Бейбарыс оңалту орталығына ғимарат жалға алуға көмек сұрады. Мәдениет саласы, ағын су, тұрғын үйді жекешелендіру, ауыз су, жол, түңгі жарық жөнінде ұсыныстарын жеткізді.