27.01.2024 жылы сағат 20:40 та Созақ ауданы, Аққолтық ауылы, Арқабаев көшесі 21 жеке тұрғын үйде тұрмыстық газ балонынан газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып 180 ш.м. тұрғын үй толығымен қираған, өртсіз.
Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін көршілері үйінді астынан термиялық күйік шалған 6 адам, оның ішінде 5 баланы алып шығып ауруханаға жеткізді.
Жарылыс салдары анықталуда.
Сағат 21:40 та қираған үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 ш.м. қираған төбе жаппасының жануы орын алды. Өрт сағат 21:55-те оқшауланып, сағат 23:12-де толық сөндірілді.
Оқиға орнына: ТЖД өрт-сынақ зертханасы және анықтау бөлімі мен психолог, ТЖД (20 жеке құрам және 5 техника), ТЖД ЖҚЖ (6 жеке құрам, 1 техника және 1 киналогиялық есеп), ДП (10 жеке құрам және 3 техника), ЖАО (7 адам 2 техника), Прокуратура(2 қызметкер 1 техника) шықты.