Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Аталған жиынның күн тәртібінде өзекті 3 мәселе көтерілді:
1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары туралы;
2. 2024 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы және аудан бюджетінің атқарылуы туралы;
3. Аудан әкімінің 2024 жылғы халықпен кездесулеріндегі хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді.
Атап айтқанда, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының Қазығұрт ауданында тұрақты түрде орындалуын қолға алу үшін баршаға әрбір сала бойынша жоспарлы және тиянақты жұмыс жасауды жүктеді. Атап айтқанда, экономикалық өсімді арттыру, инвестиция тарту, әлеуметтік сала, білім саласы, денсаулық сақтау саласы, құқық қорғау саласы, құрылыс саласы, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту және коммуналдық салалар бойынша халық сұранысына сай қызмет етуге шақырды. Аудан әкімі аппараты басшысы мен жауапты мамандарына бұл бағыттағы барша істердің әрбір ауыл округтерде, әрбір салада атқарылуын тұрақты түрде бақылауға алуын және жұмыс жасалмаған жағдайда қатаң тиісті шаралар қолдануға ұсыныс беруін тапсырды.
Келесі кезекте, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының баяндамасын тыңдап, 2024 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуында кеткен кемшіліктердің себептерін анықтап, 2025 жылы сол кемшіліктерді жібермеудің алдын алу шараларын қолдану керегін айтып өтті.
Ал, күн тәртібіндегі соңғы мәселе, аудан әкімінің 2024 жылғы халықпен кездесулеріндегі хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасары Н.Медеуов жасаған баяндамасына жеке-жеке тоқталып, кемшіліктерін сынға алды. Сондай-ақ, аудан халқының кездесуде айтылған өтініштерінің ешбірі елеусіз қалмауы керек екенін тілге тиек етіп, көтерілген әр мәселені шешуге уақыт белгілеп, тиісті ауыл округі әкімдері мен бөлім-мекеме басшыларына нақты тапсырма жүктеді.