Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаиловтың аудан тұрғындарын жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізіліп келеді деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін кезекті рет аудан әкімі тиісті бөлім және мекеме басшыларымен тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға Қазығұрт ауыл округінің бірнеше тұрғындары келді. Олар кәсіпкерлік мақсатта жер сұрау, тұрғын үй алу мәселесі, құқықтық және әлеуметтік көмек мәселелері төңірегінде жәрдем сұрап, ұсыныстарын айтты.
Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, заңдылығын түсіндірді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, орындалу барысын бақылауға алды.