Алматыда жасөспірімдер арасындағы фристайл-могул және фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты өтуде. Халықаралық жарысқа 13 елден келген 110 спортшы қатысуда. Чемпионаттың үшінші күнінде Шымкент қаласының спортшысы Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-акробатикадан алғашқы алтын жүлдені иеленіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Дінмұхаммед жарыс барысында 104.52 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
2006 жылы дүниеге келген Дінмұхаммед Райымқұл — Шымкент тумасы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ұлттық құрамасының мүшесі, Жастар ойындары мен Спартакиада жеңімпазы, Әлем және Еуропа Кубоктарының жүлдегері.