Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына келіп, «Шаян» мектеп-лицейі» КММ-нің ұжымымен кездесу өткізді деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Н.Әуесбаев білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, мемлекет тарапынан білім саласына көрсетілетін қолдаулар жайында айтты. Лицей ұжымы өздерінің жетістіктері мен оқыту процесінде кездесетін қиындықтарын ортаға салып, Н.Әуесбаев ұстаздардың еңбегін жоғары бағалап, жас ұрпақты тәрбиелеудегі жауапты миссиялары үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, Н.Әуесбаев мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, оны жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті. Кездесу ашық әрі мазмұнды өтіп, тараптар алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.