ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінде ағымдағы жылдың қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеті қорытындыланды.
Қызметтік жиналысты департамент бастығы полковник Мадияр Жумадилов өткізіп, Түркістандық шекарашылардың жұмысын жоғары бағалады. Аталмыш қызметтік жиналыста ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының құқығымен үздік деп танылған әскери қызметкерлер мен олардың туыстары марапатталды. Марапаттардың ішінде «Жыл шекарашысы», «Үздік тәрбиеші офицер», «Үздік шекара бөлімшесінің бастығы» атты номинациялар бар. Түркістандық шекарашылар ҰҚК Шекара қызметі деңгейіндегі 10 ға жуық номинацияны иеленді.
Шекарашылардың кәсібилігі мен жедел әрекеттерінің арқасында шекара қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етіліп биылғы жылы Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпекші болған 139 адам ұсталды. Шекара ережелерін және көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 40 мыңнан мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 млрд теңгеге жуық мемлекет пайдасына өндірілді.
Шекараны күзетуге жергілікті тұрғындар мен«Ерікті жасақ» өкілдері де белсене қатысып, олардың көмегімен мемлекеттік шекара режимін бұзған 3000 нан астам адам ұсталды. ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты «Жібек жолы» шекаралық бақылау бөлімінде «Q-Gate» қазақстандық стартап жүйесінің жұмысы іске қосылып тексерілді.
Бөлімдердегі қызметтік иттер мен арнайы құралдарды пайдалану нәтижесінде соңғы үш жылда ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қоюда да шеберліктің үлгісін көрсетіп келуде. Шекарашылардың қырағылығының арқасында 2024 жылы Бауыржан Қонысбаев атындағы шекаралық бақылау бөлімінен аса ірі мөлшердегі 776 кг есірткі затының заңсыз кіруінің, тұрғындар арасында таратылуының алды алынды. Ағымдағы жылы шекаралық бақылау бөлімдері арқылы 12 млн нан астам адам 900 мыңға жуық автокөліктер өткізілді. Өткізу бекеті режимін бұзған 1015, ҚР көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған 36909 адам ұсталды. Шекаралық бақылау бөлімдері контрабанда және ілеспе құжаттарынсыз тауар алып өтудің 705 дерегінің алдын алып ол 820 миллион теңгені құрады.
Түркістан облысы бойынша департаменті шекарадағы қауіп — қатерлерге және төтенше жағдайларға қарсы тұруды, шекарашылардың жоғары кәсібилігі мен шұғыл әрекет ету дағдыларын арттыру мақсатында басқа аумақтық күштік құрылымдармен бірлесе заманауи отандық өндірістегі брондалған техникалар мен дрондарды қолдана отырып «Қорған 2024», «Түркістан 11/24», «Солидарность 2024» атты арнайы, біріккен және шекаралық операцияларды өткізді. Қорытындысы бойынша ҚР Заңдарын бұзған 4000 нан аса адам ұсталды.
Департаменттің қызмет жағдайын және жауапты жолақтағы инфраструктураны жақсарту мақсатында Үйлестіру кеңесінің облыстық деңгейдегі 4, аудандық көлеміндегі 41 кездесулер өткізілді.
Шекара маңындағы жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық рухты қалыптастыру және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шекарашылардың маңызды рөлін түсіндіру мақсатында, шекара маңындағы мектептерде әскери-патриоттық «Жас шекарашы» үйірмелері құрылған. Осы ұйымдардың жұмыс нәтижесінде осы жылы 78 жасөспірім жоғары әскери оқу орындарына түсті және жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының арқасында жыл сайын 505 азамат келісімшарт бойынша, запастағы 4 офицер әскери қызметке қабылданып, 2 сержант құрамның әскери қызметкері ҰҚК Шекара академиясына 6 айлық курсқа жіберілді.
Департаменттің барлық бөлімшерінде барлығы 9557 тәрбие және идеологиялық жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде 7907 ақпараттық тәрбие жұмысы, құқықтық ақпараттандыру 193 және мәдени бос уақыт жұмыстары 1457 өткізілді.
2024 жылы әскери психологтармен 2496 адамның жеке психологиялық қасиеттері зерделеніп, аттестация шеңберінде 2134 әскери қызметкер мен 362 үміткер тексерілді. Әскери полиграфолог мамандарымен 983 әскери қызметкер мен 470 жоғары әскери оқу орнына үміткер зерделенді.
Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының құрылғанына 25 жыл толуына орай Мұхтар Әуезов атындағы университетпен бірлесе “ҚР ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті — оңтүстік шекара шебінде 25 жыл” атты өңірлік ғылыми-техникалық конференция өткізілді.
Түркістан облысы бойынша департаменті өзіне жүктелген мемлекеттік шекара режимін, табиғи ресурстарды және қоршаған орта мен экономикалық мүдделерін қорғауда абыроймен қызмет етуде. Жол картасы бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы Жеңіс шекара бөлімшесіне табиғи газ беріліп тағы 19 іс-шараны іске қосу жоспарлануда.
Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылы департаменттің бөлімшелеріне 19 дана автокөлік берілді. Оның ішінде АҚШ ұлттық әкімшілігі ядролық қауіпсіздік министрлігінің “Екінші желідегі қорғаныс” бағдарламасының негізінде 8 дана тойота Хайлюкс автокөліктері қолданысқа берілді.
Күн сайын шекараны күзету үшін 1000 нан астам шекара наряды, 150 бірлік автотехника және 5 бірлікке дейін шекара катерлері тартылады.
Мемлекеттік шекараны қырағылықпен күзетіп, қызметтік — жауынгерлік іс-қимылдағы табандылығы үшін 10 ға жуық әскери қызметкер ҰҚК Төрағасының орынбасары — Шекара қызметі директорының құқығымен жыл үздігі деп танылды.
Түркістан облысы бойынша департаменті сансыз ерлік пен жауапкершіліктің символына айналды. Шекарашылардың қажырлы еңбегі еліміздің тыныштық пен бейбіт өмірді сыйлап, мемлекетіміздің тұтастығын қамтамасыз етуде. Түркістан облысы бойынша департаменті Қазақстанның оңтүстік шекарасын қорғаудағы маңызды рөлін жалғастырып, мемлекеттің тұрақтылығын сақтауға өз үлесін қоса береді.
Еліміздің шекарасын күзетін шекарашылар – халық тыныштығының кепілі!