Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойы аңсап, асқақ арманға жеткен қасиетті мерекесі. 1991 жылдың 16 желтоқсаны – Қазақстан тарихындағы ең айтулы күндердің бірі. Дәл осы күні еліміз өз егемендігін жариялап, әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде танылды. Бұл күн әрбір қазақстандық үшін ұлт бірлігі мен мемлекет болашағының нышанына айналды деп, хабарлаған Айгүл Абдикулова,
Шымкент қаласы Әділет департаментінің бас маманы.
Бүгінгі Қазақстан – тұрақты дамып, әлемдік аренада өз орнын нығайтқан бейбіт ел. Экономика, мәдениет, білім, заң үстемдігі және адам құқықтары салаларында жеткен жетістіктеріміз – тәуелсіздігіміздің жемісі.
Шымкент қаласы Әділет департаменті үшін бұл күннің маңызы ерекше. Біз, әділет органдарының қызметкерлері, тәуелсіздіктің негізгі тіректерінің бірі – құқықтық мемлекетті нығайту жолында аянбай қызмет етіп келеміз. Құқықтық жүйенің әділетті, ашық және тиімді болуы – халықтың билікке деген сенімін арттырудың басты кепілі.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап құқықтық реформалар жүргізіліп, заңнамалық жүйе халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Осыған орай, әділет органдарының жұмысы да заман талабына сай жаңарып, жетіліп келеді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділеттілік принциптерін қамтамасыз ету – біздің негізгі міндетіміз.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері қоғамға адал, кәсіби және жоғары жауапкершілікпен қызмет етіп, әділет саласының абыройын асқақтатуда. Осы орайда, ел игілігі жолында күнделікті еңбек етіп жүрген әріптестеріме шынайы алғысымды білдіремін.
Тәуелсіздік күні – бұл тек мереке емес, әрбір азамат үшін өз еліне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін және өз жауапкершілігін сезінетін ерекше күн. Біз осы құндылықтарды сақтап, келешек ұрпаққа табыстау жолында қызмет ете беретінімізге сенімдімін.
Тәуелсіздікке деген құрмет, елге деген сүйіспеншілік біздің жүрегімізде мәңгі сақталсын! Қазақстанымыздың келешегі жарқын, ұрпағы бақытты, тұғыры биік болғай!