Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі ағайын!
Алда өтетін Құрылтай сайлауы – елдік мүддені көздейтін, бірлік пен жауапкершілікті талап ететін маңызды іс-шара. Мұндай маңызды сәтте әр азаматтың белсенділігі мен саналы таңдауы ерекше мәнге ие.
Ақсақалдар қашанда елді бірлікке, татулыққа және ізгілікке үндеп келеді. Сондықтан баршаңызды Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, азаматтық парыздарыңызды орындауға шақырамын.
Бірлігіміз бен ынтымағымыз нығайып, қабылданатын шешімдер ел игілігіне қызмет етсін. Жастарымызға үлгі болып, қоғамдық маңызды іске бірге атсалысайық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, береке-бірлігіміз баянды болсын!
Құрметпен Шардара аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Илесов Қыстау Инайұлы

