Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру – Қазақстанның әкімшілік-аумақтық дамуындағы басты бағыттардың бірі. Ауылдық округтердегі басшылық қызметке білікті, тәжірибелі әрі халықтың сеніміне ие болған азаматтардың келуі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өсіміне тікелей әсер етеді. Осы орайда, Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округінде өткен сайлау қорытындысы жергілікті тұрғындардың таңдауы жас әрі білікті маманға түскенін көрсетті. Тұрғындардың басым дауысына ие болған Құралбеков Нұрсұлтан Рүстемұлы округтің жаңа әкімі болып сайланды.
Жас әкімнің өмір жолы мен еңбекке толы белестері жайында айтпай кету әсте болмас. Өйткені әкімнің қызметтік жолы – оның кәсіби біліктілігінің айнасы десек артық айтқандығымыз емес. Нұрсұлтан Рүстемұлы 1990 жылдың 6 ақпанында Шымкент қаласында дүниеге келген. Өмірлік жолын білім алумен ұштастырған ол, 2012 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтап, құқықтық салада терең білім алды. Заңгерлік білім – басқарушылық қызметтегі ең басты қажеттіліктердің бірі, өйткені әкім жұмысының негізгі өзегі – заң талаптарын сақтау және халықтың мүддесін қорғау болып табылады.
Еңбек жолындағы қалыптасу кезеңдеріне тоқталар болсақ, Құралбеков Нұрсұлтанның еңбек жолы мемлекеттік қызметтің төменгі сатысынан басталып, біртіндеп шыңдалды. Оның тәжірибесін келесідей кезеңдермен саралауға болады. Алғашқы қадамдарына келсек, 2019 жылдан бастап Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімдігі аппаратында бас маман-заңгер ретінде бастаған қызметі оның жергілікті атқарушы органның ішкі жұмыстарымен жақын танысуына мүмкіндік берді. Ал, тұрақты дамуындағы ерекшілігі 2023 жылы Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалуы оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жақсы таныс екенін дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және халықпен тікелей жұмыс істеу мәселелерінде белсенділік танытты. Аудандық деңгейдегі тәжірибесі жайында айтсақ, 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінде бас маман ретінде атқарған қызметі оған үлкен жүйелілік пен басқарушылық стратегияны меңгеруге көмектесті.
«Неліктен халық оны таңдады?» деген сауалға айтарымыз, Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындары Нұрсұлтан Рүстемұлына дауыс бере отырып, оның осыған дейінгі атқарған қызметіндегі адалдығы мен еңбекқорлығына сенім білдірді. Әкім орынбасары болған кезеңде ол ауылдың тыныс-тіршілігіне етене араласып, тұрғындардың мәселелерін «іштен» білді. Тәжірибелі басшының өз округіне оралуы – бұл басталып кеткен істерді аяғына дейін жеткізуге жасалған үлкен қадам деуге болады.
Ендігі кезекте жас әрі талғампаз әкімнің алдағы міндеттері мен ауылды дамытудың жаңа стратегиясын жолға қойған жаңаша жоспары көңілге қонымды деуге негіз бар. Өйткені, әкім сайлауынан кейінгі кезең – тынымсыз еңбектің бастауы Нұрсұлтан Құралбековтың алдында тұрған басты міндеттері мен жұмыс күнтізбесіне айналды.
Жасыратыны жоқ, ауылдық жерлерде ең басты мәселе инфрақұрылымды жаңғырту. Демек, ауыл жолдарын, жарықтандыру және сумен қамту жүйелерін ретке келтіру. Әлеуметтік қолдау бойынша да атқарылар жұмыстар жетерлік. Алдымен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына назар аудару, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы тұрғындардың табысын арттыру. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару бағыты бойынша басымдық тұрғындармен үнемі кері байланыста болу, әрбір азаматтың пікірін ескеріп, ашық билік қағидатын сақтауға берілуі тиіс. Кәсіпкерлікті дамыту жайы да жоспардан тыс емес. Ендеше, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік саласындағы бастамаларды мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау.
Ия, Нұрсұлтан Рүстемұлы Құралбековтың Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайлануы – ауылдың жаңа тыныс алуына жол ашатын оқиға. Оның заңгерлік білімі мен мемлекеттік қызметтегі бай тәжірибесі алдағы уақытта ауылдың экономикалық қуатын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Қайнарбұлақтың дамуына үлес қосу – тек әкімнің ғана емес, ауыл тұрғындарының да ортақ мүддесі. Ел сенімін арқалаған жас басшының бастамаларына сәттілік тілейміз, ал ауылдың болашағы ортақ еңбекпен жарқын болмақ.

