2025 жыл Түркістан облысы үшін табысты жыл болды. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел дамуының жаңа басымдықтары айқындалып, экономиканы әртараптандыру мен жасанды интеллектіні дамытуға нақты тапсырмалар берілді. Осы міндеттерге сәйкес, облыста жүйелі жұмыстар қолға алынып, индустриялық серпіліс айқын байқалуда.
✅Өндіріс көлемі өсіп, жаңа кәсіпорындар іске қосылуда, заманауи технологиялар кеңінен енгізілуде. Бұл өңір экономикасының тұрақты дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және инвестициялық әлеуеттің артуына мүмкіндік берді.
✅Түркістан облысының индустриялық дамуы – нақты нәтижелерге қол жеткізілгенін көрсететін тұрақты өсудің айқын көрінісі.
