Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді абаттандыруға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба болып табылады.
Акция аясында қала тазалығын сақтау, табиғи орта мен мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау, сондай-ақ тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру көзделген. Осыған орай, Шымкент қаласындағы барлық мектептер мен колледждерде арнайы экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, қалалық білім басқармасына қарасты №149 жалпы орта мектепте экологиялық тәрбие сағаты өткізіліп, оқушыларға тазалық сақтаудың және табиғатты қорғаудың адам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Жол-көлік колледжінде «Таза орта – саналы ұрпақ» тақырыбында экологиялық сағат ұйымдастырылып, қоршаған ортаның тазалығы қала келбетіне, тұрғындар денсаулығына және экологиялық ахуалдың жақсаруына тікелей әсер ететіні айтылды. Шара барысында тазалықты әр адам өзінен бастауы керектігі ерекше атап өтілді.
Экологиялық акцияға қала жастары да белсенді түрде атсалысуда. Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен еріктілер мен белсенді жастар арнайы акциясын ұйымдастырып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғалы бері қала жастары барлық іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Бұл – кейінгі жас ұрпаққа үлгі көрсету мақсатында жасалып отырған қадам. Қала тазалығы – қоғамның айнасы. Аталған акция еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелеп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді, – дейді Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Әлжан Аружан.
Белсенді жастар «Жастар ресурстық орталығы» орналасқан аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және тазалық сақтау бойынша ақпараттық үнпарақтар таратты.
Сонымен қатар, қала аудандарында жаппай сенбіліктер ұйымдастырылды. Абай ауданына қарасты Жиделі шағын ауданының Шалқар көшесінде өткен тазалық шарасына жергілікті тұрғындар белсенді қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
– Тазалық – тек сыртқы келбет емес, ол ішкі мәдениет пен тәртіптің айғағы. Тазалықты өмір салтына айналдыру – денсаулық пен ұзақ өмірдің кепілі. Осындай игі бастамалар арқылы өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, олардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруымыз қажет, – дейді Абай ауданының тұрғыны Орынша Тәжібаева.
Қала тазалығын сақтау – өзіміз өмір сүріп отырған ортаға деген құрмет пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Осы орайда, қала әкімдігі әрбір тұрғынды таза әрі көрікті қала қалыптастыру жолында белсенділік танытып, ортақ іске өз үлесін қосуға шақырады.
Экологическая культура и ответственность: молодежь Шымкента за чистую среду
В городе Шымкент продолжается реализация общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан». Данная инициатива является важным проектом, направленным на охрану окружающей среды, благоустройство населённых пунктов и формирование экологической культуры среди населения.
В рамках акции предусмотрены меры по поддержанию чистоты города, сохранению природной среды и культурных памятников, а также повышению ответственности жителей за состояние окружающей среды. В связи с этим во всех школах и колледжах города Шымкент были организованы специальные экологические мероприятия.
В частности, в средней общеобразовательной школе №149, подведомственной городскому управлению образования, был проведён экологический воспитательный час, в ходе которого учащимся подробно разъяснили значение соблюдения чистоты и охраны природы в жизни человека. Кроме того, в Автодорожном колледже состоялся экологический час на тему «Чистая среда — сознательное поколение», где было отмечено, что чистота окружающей среды напрямую влияет на облик города, здоровье жителей и улучшение экологической ситуации. В ходе мероприятия особо подчеркнули, что забота о чистоте должна начинаться с каждого человека.
В экологической акции активно участвует и молодёжь города. По инициативе Шымкентского городского «Молодёжного ресурсного центра» волонтёры и активная молодёжь организовали специальную акцию, в рамках которой провели разъяснительную работу среди населения.
— С момента начала республиканской акции «Таза Қазақстан» городская молодёжь принимает активное участие во всех мероприятиях. Это шаг, направленный на подачу примера подрастающему поколению. Чистота города — зеркало общества. Данная акция не только воспитывает трудолюбие и ответственность, но и способствует формированию экологической культуры у жителей, — отметила заместитель директора Шымкентского городского «Молодёжного ресурсного центра» Әлжан Аружан.
Активная молодёжь провела работы по уборке территории, прилегающей к зданию «Молодёжного ресурсного центра», а также распространила среди жителей информационные листовки по вопросам охраны окружающей среды и соблюдения чистоты.
Наряду с этим во всех районах города были организованы массовые субботники. В частности, в микрорайоне Жидели Абайского района на улице Шалкар местные жители приняли активное участие в санитарной акции, очистив улицы и общественные пространства от мусора и выполнив работы по благоустройству.
— Чистота — это не только внешний облик, но и показатель внутренней культуры и порядка. Превращение чистоты в образ жизни является залогом здоровья и долголетия. Посредством таких добрых инициатив необходимо подавать пример подрастающему поколению и формировать у него экологическую культуру, — подчеркнула жительница Абайского района Орынша Тажибаева.
Сохранение чистоты города — это проявление уважения к среде, в которой мы живём, и ответственности перед будущими поколениями. В этой связи акимат города Шымкент призывает каждого жителя проявлять активность и вносить свой вклад в формирование чистого и благоустроенного города.

