Қазақстанның спорттық шежіресі тағы бір алтын әріппен жазылған жеңіспен толықты. Бұл жолы қуанышты хабар Таиланд астанасы Бангкок төрінен келді. Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының тәрбиеленушісі Әсия Асылхан шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында топ жарып, құрлықтың ең үздік ойыншысы екенін дәлелдеді. Бангкок төріндегі зияткерлік бәсеке, яғни 21–29 қараша күндері өткен Азия біріншілігіне құрлықтың ең мықты, ең дарынды жас шахматшылары жиналды. Әсия Асылхан турнирдің ең тартысты бағдарламаларының бірі — Блиц (найзағай жылдамдығындағы шахмат) бойынша бақ сынады. Мұнда тек терең білім ғана емес, сонымен қатар қас қағым сәтте шешім қабылдау қабілеті, темірдей төзім мен ерекше ептілік талап етіледі.
Әсия әрбір партияда өзінің интеллектуалдық басымдығын көрсетіп, қарсыластарын шаң қаптырды. Нәтижесінде, турнир кестесінің шыңына шығып, алтын медальді иеленді. Бұл жеңіс — Түркістанның ғана емес, бүкіл Қазақстан шахмат мектебінің халықаралық аренадағы биік беделінің айқын айғағы.
Жеңімпазға құрмет: Түркістандағы салтанатты қабылдау
Жеңісті жаңалықты арқалап елге оралған жас чемпионды Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының ұжымы ерекше ықыласпен қарсы алды. Туған жеріне Азия чемпионы болып оралған Әсияның жетістігі клубтың басқа да тәрбиеленушілері үшін үлкен мотивация болды.
Салтанатты шара барысында спорт клубының директоры Нұрланәлі Сыздықов Әсияның еңбегін жоғары бағалап, жылы лебізін білдірді: «Жалпы, шахмат — тамаша хобби! Бұл ойын тек қана логика мен стратегияны дамытумен қатар, ойлау қабілетін де жақсартады. Қашан бастадым деп есептесең, жеңістер мен жеңілістердің өзінде көптеген тәжірибе жинайсың. Сонымен қатар, шахмат – өнер, ғылым және спорт элементтерін біріктіретін 64 ұяшықтан тұратын тақтада шахмат фигуралары бар логикалық үстел ойыны. Шахматты әдетте екі ойыншы бір-біріне қарсы ойнайды. Міне, осындай спорт түрін меңгерген Әсияның жеңісі – ең алдымен оның табандылығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Біз жас спортшымыздың халықаралық аренада ел намысын асқақтатып, биік белесті бағындырғанына аса қуаныштымыз. Бұл жеңіс – Түркістандағы жасөспірімдер спортының жүйелі дамып келе жатқанын көрсетеді. Әсия – еліміздің мақтанышы!» — деді клуб басшысы.
Ия, Әсия Асылханның бұл жетістігі кездейсоқтық емес. Соңғы жылдары Түркістан қаласында бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені, шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты спорт ойыны. Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет 5 ғасырда Үндістанда шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын Үндістандық математик ойлап тауыпты. Шахмат ойынының тұңғыш аты «чатуранга». Шығыста ел билеуші патшаны шах деп атайды. Ал «мат»–«өлді» деген сөз екен. Сонда «шахмат» сөзін: «Қарсыластың патшасына (короліне) өлім келсін!» – деп аударуға болады. Шахмат тақтасы ақ және қараға боялған бірдей 64 шақпаққа бөлінеді. Ойынның мәні де осында, мұнда «ақ жағы» мен «қара жағының» екі армиясы 64 шаршы-лы тақта үстінде шайқасады. Шахмат өте жақсы ойын.
Шахмат – бұл спорт, ғылым және өнер. Шахмат ой-сананың белсенділігін қалайтындықтан, бұл ойын кез-келген адамды тереңге жетелеп, сананы тапқырлыққа баулиды. Ой және сананың үйлесімді дамуы, уақытты ұтымды пайдалану, шешім таба білу т.т. сияқты адамға өте қажет қасиеттерді бала санасына орнықтырады. Шахматтың шығу тарихымен таныстыру,
ойын ережелерін үйрету, оқушыларға шахмат ойыны туралы теориялық білім беру, сайыстар өткізу ережелерімен таныстыру, айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру. Сонымен, ата-аналар балаларыңызды шахмат үйірмелеріне қатыстырып, ұл-қызыңыздың болашақта озық ойлы азамат болсын десеңіз, жоғарыдағы шахмат туралы маман кеңестерін назарға алсаңыз болады. Ия, Түркістан қаласында жаңа спорт кешендері мен клубтардың ашылуы мен таңғы жаттығулардан бастап, қол добы, күрес және міне, шахмат сияқты зияткерлік спорт түрлеріне дейін қамтылуда. Бұл дегенің жергілікті биліктің жас таланттардың халықаралық турнирлерге қатысуына жағдай жасау.
Мәселен, Азия чемпионы атағы — Әсия үшін үлкен жолдың басы ғана. Оның бұл ерлігі Түркістанның мыңдаған өрендеріне «еңбек етсең – бәрін бағындыруға болады» деген сенім ұялатты. Қазақстанның туын халықаралық деңгейде желбіреткен жас шахматшының алдағы мақсаты — әлемдік тақтада да топ жару.
Жеңіс құтты болсын, Әсия! Түркістанның таланты әлемді мойындата берсін!

