Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы белгіленген кестеге сәйкес халықпен көшпелі кездесулерін уақтылы өткізіп келеді. Бұл тек әкімшілік рәсім ғана емес, сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аймақтық деңгейдегі практикалық және идеялық көрінісі. Ашық диалог – қазіргі қазақстандық саяси жүйенің тірегі, ол билік пен халық арасындағы құқықтық және әлеуметтік келісімнің алтын көпірін орнатады.
Жергілікті халықпен кездесудің басты маңыздылығы – биліктің оқшаулануын жойып, қалалық басқаруды азаматтардың нақты мәселелерімен тығыз байланыстыру. Әкімшілік аппарат тек жоғарыдан түскен нұсқауларды орындаушы ғана емес, сонымен бірге халықтың тікелей әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін шешуге ықпал етуші билік ретінде танылады. Тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, алға бастай білетін әкімді нағыз әкім деуге болады. Ел Президенті ауыл әкімдерінің диалог-платформасында «билік басшылары» жайлы дәл осындай түсінік берді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жыл өткен сайын халықтың талап-тілегі артып келеді. Бұл – бүкіл әлемге ортақ үрдіс. Әкімдер халыққа құрметпен, шыдамдылықпен, түсіністікпен қарап, азаматтармен ашық әңгіме жүргізуге тиіс.
«Олар барлық мәселені мүмкіндігінше өз деңгейінде шұғыл және сапалы шешуі қажет. Бірақ бұл міндетті атқару үшін жергілікті әкімдердің қолында тиісті құзыреті болуы керек. Атқарылып жатқан жұмыстың мән-жайын үнемі жұртқа түсіндіріп отырған жөн. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген. Әрине, айтылған ұсыныс-пікірге назар аудару керек. Бірақ әркімнің, әсіресе, іс-әрекеті ерсі, ниеті теріс, тіпті, арандатушы адамдардың ығына жығылмай, жетегінде кетпей, ақылға қонымды ұсынысты ғана қабылдау қажет. Негізі, бұл – барлық деңгейдегі әкімдерге ортақ ұстаным. Тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, алға бастай білетін әкімді нағыз әкім деуге болады. Мен жақында «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл – әрбір мемлекеттік қызметшінің, әсіресе әкімдердің жұмысына бағдар беретін өте маңызды құжат»,-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен жүздесті. Кездесу С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің мәжіліс залында өтті. Кездесу барысында қала басшысы Сауран секторында атқарылып жатқан жұмыстарды цифрлармен және нақты деректермен баяндап берді. Тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етудегі басты бағыттардың бірі — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.
Мәліметтерге сүйенсек, Сауран секторындағы 1-ші және 2-ші мөлтек аудандарда орналасқан 75 көпқабатты тұрғын үйдің жылыту маусымына дайындығы 100 пайызға қамтамасыз етілген. Бұл қыс айларында тұрғындардың үйлеріндегі жылу мәселесіне қатысты іркілістердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ауыз су жүйесін жаңарту жұмыстары да назардан тыс қалмаған. 75 көпқабатты үйдің 14-і толық жөндеуден өтсе, қалған үйлерде де жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жалпы Сауран мөлтек ауданы бойынша ауыз сумен қамту деңгейі бүгінде 99,5 пайызды құрап отыр, бұл — өте жоғары көрсеткіш.
Кездесудегі басты мәселе, қаланың эстетикалық келбеті мен үйлердің техникалық күйін жақсарту мақсатында көпқабатты үйлердің қасбеттерін (фасад) қалпына келтіру жұмыстары қарқындылығы сөз болды. Айта кетерлігі, Түркістан қаласының тарихи-мәдени болмысын, рухани келбетін және ұлттық нақышын көркем бейнелеу арқылы қаланың эстетикалық келбетін арттыру, заманауи көркемдік бағыттағы мәдени жобаларды дамыту бүгінгі тақырыптың өзектілігі. Биылғы жоспарға енген 15 үйдің барлығында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Мәселен, Түркістан қаласы соңғы жылдары тек рухани жағынан ғана емес, экономикалық тұрғыдан да жаңа даму кезеңіне қадам басты. Осы басымдыққа ие аймақтың инвестициялық және туристік тартымдылығын арттырумен қатар, қалалардың көріктендірілуі мен заманауи урбанистік стандарттарға сай болуы да ерекше маңызға ие. Осындай кешенді жұмыстардың бірі – Түркістан қаласында жарнамалық нысандарды бірыңғай дизайн-кодқа сәйкестендіру жобасы іске асырылуда. Бүгінде қаланың сәулеттік келбетін сәйкестендіру, орынсыз жарнамалардан тазарту және бизнес нысандарының эстетикалық бірізділігін сақтау – қаланың көркеюі мен экономикалық дамуына тікелей әсер ететін факторлардың бірі саналады. Себебі қаланың сыртқы бейнесі – оның инвестициялық мәдениетін, кәсіпкерлік ортаның сапасын және туристік тартымдылығын айқындайды. Сол себепті де қала басшысы шаһардың құндылығын дәріптеу мен әсерлеудегі өзектілікті күн тәртібінен түсірмей, ілгерілеу ісмерлігін танытып келеді.
Мұнан бөлек, Сауран секторындағы жол инфрақұрылымы мен көшелерді жарықтандыру да кезек күттірмейтін талаптардың бірі. Қазіргі таңда сектордағы жолдардың 60,2 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 66,7 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Ал, көше қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жарықтандыру жүйесі де тиісті деңгейде дамып келеді. Сектордағы 156 көшенің 96 пайызы жарықтандырылған. Бұл тұрғындардың түнгі уақыттағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізеді.
Түркістан қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 30 әлеуметтік дүкен іске қосылса, соның 7-і дәл осы Сауран секторында орналасқан. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына қолжетімді бағада тауар алуға мүмкіндік береді.
Табиғи газбен қамту саласында да оң нәтижелер бар. Сектор тұрғындарының 98 пайызы көгілдір отынның игілігін көруде. Әлі де газ желісі жетпеген 83 абонент бойынша арнайы жоба әзірленген. Әзімбек Пазылбекұлы бұл мәселе алдағы жылы толық шешілетінін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған әрбір Жолдауында жастардың спортпен айналысуына жағдай жасаудың маңызына тоқталды. Осы тұста Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа объектілер салуды, оны жұмыс істеп тұрған білім беру орындарының базасында жаңғыртуды және қосымша жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың жоспарын әзірленеді. Бұқаpалық споpтты одан әpi дамытуды көздейтiн дене шынықтыpу және споpт мәселелеpi бойынша Заң қабылданды. Осы ретте, Түркістан қаласының билігі жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорт инфрақұрылымына да баса мән берілуде. Оған дәлел, мысалы қала бойынша салынып жатқан 5 спорт кешенінің бірі Сауран секторындағы М.Төлебаев көшесінде бой көтерді. Тамыз айында ашылған бұл нысан бүгінде жас спортшылардың шыңдалатын орнына айналып үлгерді.
Бүгінгі Сауран секторының тұрғындарымен өткен кездесу соңында қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әрбір өтініш пен ұсынысты мұқият тыңдаған Әзімбек Пазылбекұлы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
«Қаланың өркендеуі тек билікке ғана емес, әрбір тұрғынның белсенді азаматтық ұстанымына да байланысты», — деген әкім халықты қала тазалығы мен дамуына бірлесе атсалысуға шақырды.
Тақырыпты тарқатсақ, қала әкім Әзімбек Пазылбекұлының қабылдауында тұрғындар тарапынан айтылған әрбір мәселе мен ұсыныстар кезең-кезеңімен орындалуда десек артық айтқандық емес. Күннен-еүнг жаңарып, жасарып, әсемденіп келе жатқан Түркістан қаласына жан бітіру, жергілікті биліктің қала бюджетін оңтайландыра іске асыруының мыңыздылығы орасан.
Ия, «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек. » деген Мемлекет басшысының сөзін жадында сақтап, санасына құйып алған Әзімбек Пазылбекұлының еселі еңбегі мен өн-бойына сіңген іскерлігі жайында айта кеткен орынды болар. Шын мәнінде, бұл жалпы көзқарасты барлық деңгейдегі әкімдер ұстануы керек. Себебі, нағыз әкім — бұл адамдарды ортақ мақсаттарға жетуге жұмылдыратын және жетелейтін адам. Қорытындылай келгенде, Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарын жеке қабылдау – бұл тек мәселелерді шешуге бағытталған технократтық әрекет емес, сонымен бірге биліктің өз халқына жақындығын, әлеуметтік жауапкершілігін және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына жергілікті деңгейдегі одақтығын көрсететін идеологиялық тұғыр. Мұндай тиімді байланыс – халықтың мәселелерін уақтылы шешуге және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін демократиялық механизмнің өзегі. Жеке қабылдау институты – биліктің әрдайым халықпен бірге екенін және олардың мұң-мұқтажын терең түсінетінін дәлелдейді.

