Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуы қоршаған ортаға қамқорлық жасау тек абстрактілі идея емес, әр адамның жеке қатысуымен жүзеге асатын нақты әрекеттер екенін айқын дәлелденуде деуге болады. Экоактивистермен бірге ағаш отырғызып, Мемлекет басшысы лидерлік — бұл ең алдымен жеке үлгі көрсету екенін көрсетті.
Шын мәнінде, «Таза Қазақстан» жобасы қысқа мерзім ішінде шынайы халықтық қозғалысқа айналды. Оның мақсаты — тек аумақтарды абаттандыру мен табиғатты қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, бұл қарапайым нәрселерден басталады: таза аула, паркке қамқорлық көрсету, орынсыз жерге қоқыс тастамау. Акция аясында бірнеше күннің ішінде еліміз бойынша 4,5 миллионнан астам ағаш көшеті отырғызылды — және бұл тек басы.
Мұндай инициативалық шарааларға жастарды тартудың ерекше мәні бар. Жас адамдар ағаш отырғызып, көшелерді тазалап, экофестивальдерге қатысқанда бұл болашаққа ең жақсы қолпаштау мен ұлықтауға айналатынына сенімдіміз. Өйткені экология — бұл тек таза ауа мен жасыл желектер ғана емес, сонымен қатар әлемге жауапкершілікпен қарау, саналы көзқарас. Сонымен қатар, тазалық сақтауға, өз аулаң мен аумақты өзгелерге бүлдіртпеу. Ал, бүлдірген жағдайда өзіңіз білесіз, жауапкершіліктің барын. Ендеше, қоқыс тастап, ластап, заң алдында жауапылыққа тартылмаудың жолы – ол, тазалықты сақтау, тәртіпке тікелей бағыну.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «тазалық әр адамның өзінен басталады» деген сөзі — бұл тек әдемі ұран емес. Бұл қоғамдық жетілу формуласы, оның ішінде әрбір қазақстандық өз рөлін атқарады. «Таза Қазақстан» — бұл бір реттік науқан емес, табиғат пен адам серіктес емес, қарсылас болмауы тиіс жаңа өмір салтына апаратын жол.
Мұндай акциялар мен бастамалар еліміздің тек таза ғана емес, қайырымды, саналы және мықты болуына деген сенімді нығайтсын.
Табиғат – тіршілік көзі болса, тазалық – берекенің бастауы. Туған өлкеміздің тазалығына, келбетінің көркеюіне атсалысу әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Қазіргі таңда қала тазалығын сақтау үшін сенбілік шаралары ұйымдастырылып, қоқыс тасталған аймақтарға техникалар жұмылдырылуда. Бүгінгі таңда Ордабасы ауданы әкімдігі аппараты мен аудандық полиция бөлімі тұрғындардан өз аумағын қорғауды және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Өйткені, ластану ауданның тек жалпы келбетіне ғана емес, ішкі көрінісіне де және адам денсаулығына да қауіп төндіреді.
Ауданда абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жергілікті полицияның қатысуымен жиі ұйымдастырылады. Тұрғындарға, жеке кәсіпкерлерге, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына іргелес аумақтарды санитарлық тазарту қажеттілігі туралы ақпарат беріледі. Бастапқы жаза-бұл ескерту, егер жетіспеушілік уақытында жойылмаса, полиция заңды шаралар қолданады.
Аудан әкімдігі аппараты мен полиция бөлімі әрбір аудан тұрғынын белсенді болуға, өз ауданының тазалығын қадағалауға және қоқыстарды, құрылыс қалдықтарын белгіленген орындарға тастауға шақырады. Дегенмен, тұрғындар арасында белігіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды тастау жағдайлары кездесіп қалатыны жасырын емес.
Қоқыс тастауға болмайтындығы жөнінде арнайы ескертпе тақтайшалары ілініп тұрған аймақтарға да қажетсіз заттар тасталған жағдайлар кездесуде.
Осы ретте, тазалыққа жауапты әкімдік қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірге күшейтілген рейдтік іс-шаралар тастаған тұлғалар анықталған жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434-2 және 505-баптары бойынша жауапкершілікке тартылады.
Қоғамдық тәртіпті нығайту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және ішкі көшелердің санитарлық талаптарға сәйкестігін бақылау мақсатында Темірлан елді мекенінде кезекті рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейдке округ әкімдігі мен учаскелік полиция қызметкерлері қатысып, ПМК мөлтек ауданындағы Тауке хан, Сейтқасымов, Уалиханов, Спатаев пен Конституция көшелері тексерілді. Аталмыш аумақтарды аралау барысында бірқатар тұрғындардың санитарлық талаптарды бұзғаны анықталды. Оларға ескерту жасалып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар тұрғындарға заң талаптары мен жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Округ әкімдігі мен құқық қорғау органдары елді мекендегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және тұрғындардың жауапкершілігін арттыру мақсатында мұндай рейдтік іс-шараларды жалғастырады.
Сонымен қатар, округ тазалығын сақтау баршаға ортақ. Дегенмен, осыны ұғынбай, ауыл тазалығына немқұрайлы қарайтын жандардың қатары әлі де көп. Тіпті, кәріз суын көшеге ағызу, аялдама орындығын, айналасын ластау сынды жағымсыз әрекеттер де тыйылар емес. Ал оларды тәртіпке шақыру үшін қадағалауды күшейту қажет.
Осы мақсатта округ аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан үнемі ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру қағидасының бірінші ережесінде заңды және жеке тұлғалар өзіне тиесілі немесе меншігіндегі басқа да аумақтағы 5 метрге дейінгі аралықты абаттандыру жұмысына жауапты екені көрсетілген.
Мәселен, әрбір тұрғын ауласының алдын шөптен тазартуға заңмен міндеттеледі.
Жалпы, айналаны таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту – әр адамның міндеті. Осыны барлық адам түсінгені абзал.
Бұл туған ауданымыздың әсемдігі мен тазалығын сақтау үшін өте маңызды.
Барша аудан жұртшылығын туған өлкеміздің тазалығын сақтауға шақырамыз!
Тазалық сақтау – әр азаматтың мәдениеті мен ортақ парызы. Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 73 840 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.
Біле жүріңіз: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптары 505-бап – Аумақты абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша, айыппұл мөлшері:
Жеке тұлғалар: 20 АЕК (78 640 тг)
Шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар: 30 АЕК (117 960 тг)
Орта кәсіпкерлік субъектілері: 40 АЕК (157 280 тг)
Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 100 АЕК (393 200 тг)
Бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі ұлғайтылады.
434-2-бап – Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау:
Алғаш рет: 5 АЕК (19 660 тг)
Қайталаған жағдайда: 10 АЕК (39 320 тг)
Бұл баптар қоғамдық орындарды, саябақтар мен басқа да ортақ аумақтарды қорғауға бағытталған.
Демек, атам қазақта «Тазалық табалдырықтан басталады» деген жақсы сөз бар. Осы сөздің түпкі мағынасына үңілер болсақ, адам баласының саулығына тікелей әсері бар тазалықты біз бар істің басына қоюымыз керек деп ойлаймын.
Осы ретте Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында: «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек» деген сөзін жадымыздан шығармайық. Шынында да, болашақта еліміздің біздер үшін, бізден кейінгілер үшін де гүлденген , көркейген ел болу үшін Мемлекет басшысы атап өткендей, «қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет» сонда ғана қазақ халқының бойына сіңген жақсы қасиеттер қатарынан тазалық та табылар еді.

