Қоғамдық – саяси тұрақтылықты айқындау мақсатында, Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау және әлеуметтік ахуалды бақылау мәселелеріне арналған жиын өтті. Бұл Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға, еңбек құқықтарын қорғауға және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларының жергілікті деңгейдегі жүйелі іске асуының көрінісі десек болады. Аудан әкімінің орынбасары Серік Мамановтың басшылығымен өткен бұл шара өндірістік өңірдегі әлеуметтік шиеленістің алдын алуға бағытталған проактивті механизм болып табылды.
Жиында аудан аумағындағы уран өндірісі кәсіпорындарындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарына баса назар аударылып, өңірдің экономикалық қауіпсіздігін және стратегиялық маңыздылығын сақтау төңірегінде әңгіме өрбіді. Жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының және Үкіметтің еңбек заңнамасын жетілдіруге бағытталған саяси басымдығы да сөз болды.
Кездесу аудан прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырылып және аудан прокурорының орынбасары Асылбек Сламбекұлының қатысуымен, сондай-ақ прокуратура қызметкерлері, аудан аумағында қоныстанған өндіріс орындарының басшылары мен өкілдері, бөлім және мекеме жетекшілері, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты. Жиында аудан аумағында орналасқан уран өндірісі кәсіпорындарындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарына байланысты ауқымды мәселелер айтылды.
Жұмыс берушілер мен жергілікті атқарушы органдардың өзара байланысын нығайту жөнінде пікір алмасып, еңбек дауларының және қоғамдық-саяси шиеленістердің алдын алудың ең тиімді жолы жайында да сөз болды. Бұл – мемлекеттік органдардың қызметін түсіндірудің және ақпараттық қолдаудың негізгі мақсаты, өйткені еңбек келісімі бар жерде тұрақтылық болатыны сөзсіз. Себебі, уран өндірісі сияқты қауіпті өндірістердегі еңбек қауіпсіздігін талқылау – мемлекеттік аппараттың адами капиталды қорғауға және қызметкерлердің денсаулығын қамтамасыз етуге деген қатаң талабын білдіреді.
Созақ ауданы әкімдігінде өткен қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мәселесіне арналған жиын – Мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілік және заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларының жергілікті деңгейдегі саяси-құқықтық іске асуын көрсетті. Жиын барысындағы бас қосуда өндіріс саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен жол берілмеу жолдары кеңінен талқыға түсіп, құзырлы органдар тарапынан түсіндірме жұмыстары қоса атқарылды. Прокуратура, жергілікті атқарушы органдар және өндіріс орындарының басшыларының бірлескен жұмысы – Созақ ауданында әлеуметтік-еңбек қатынастарының сапасын арттыруға және қоғамдық-саяси тұрақтылықты сенімді түрде сақтауға кепіл болатыны шындық.

