Айтса, айтқандай-ақ құрметті ата-аналар! Бала тәрбиесіндегі ең маңызды міндет — олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда қала көшелеріндегі көлік қозғалысының қарқындылығын ескерсек, балаларыңыздың жолда жүру қауіпсіздігіне ерекше мән беру өте маңызды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу — тек жол полициясының ғана емес, әрбір ересек азаматтың, әсіресе ата-ананың тікелей жауапкершілігі. Әсіресе, бүгінгі күннің басты талабы, балаларыңызды жолға жалғыз жібермегеніңіз дұрыс.
Әсілінде, жас балалар, оның ішінде бастауыш сынып оқушылары, жол қозғалысы ережелерін толық меңгермегендіктен және қауіпті дұрыс бағалай алмағандықтан, жиі қатерге ұшырайды. Олардың жылдамдықты, қашықтықты және көліктердің қозғалысын бақылау қабілеті әлі толық қалыптаспаған. Сондықтан да, Сіздерге мынадай қарапайым, бірақ аса маңызды ережелерді сақтауды ескертеміз:
- Өзіңіз ертіп жүріңіз: Балаларды мектепке немесе қосымша сабақтарға жалғыз жібермеңіздер. Мүмкіндігінше, оларды таңертең ертіп апарыңыз және кешке күтіп алыңыз. Бұл Сіздің тікелей қамқорлығыңызды білдіреді.
- Сенімді ересек адам: Егер, Сіздің ертіп жүруге мүмкіндігіңіз болмаса, баланың қауіпсіздігіне толық жауап бере алатын сенімді ересек адамның (әжесі, атасы немесе жауапты бауырлары) бірге жүруін қамтамасыз етіңіз.
Қауіпсіз бағытты үйретіңіз: Баламен бірге мектепке дейінгі ең қауіпсіз бағытты бірнеше рет жүріп өтіңіз. Бұл бағыт ең қысқа жол емес, бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өткелдері көп жерлер арқылы өтетін жол болуы тиіс.
Жалпы, жаяу жүргінші ретіндегі мінез-құлық дағдыларын үйдегі ата-ананың үздіксіз үйретуі, айтып отыруы бала бойына қалыптастырумен қатар, кішкентайынан сіңірілуі қажет. Осы ретте, «Жасыл жанғанда жүр, қызыл жанғанда тұр» деген қарапайым қағиданы үнемі қайталаңыз. Ал, жолдан өткенде әрдайым екі жаққа қараудың маңыздылығын түсіндіріңіз. Сондай-ақ, жолға шығар алдында телефонға қарауға, жүгіруге немесе ойын ойнауға болмайтынын қатаң ескертіңіз. Ия, ата-ана, балаларыңыздың қауіпсіздігі – сіздің басты қамқорлығыңыз және біздің ортақ жауапкершілігіміз! Әрбір ата-ананың жауапкершілігі мен мұқияттылығы — жол апатының алдын алудағы ең басты құндылық екенін есте сақтағаныңыз абзал.

