Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы ережелерін қадағалауда «Заң мен Тәртіп» деп аталатын жаңа цифрлық сервис айрықша тиімділігін көрсетуде.
Бұл инновациялық құрал азаматтар мен полиция арасындағы байланысты жеделдетіп, құқық бұзушылықтарға лезде әрекет етуге мүмкіндік беруде. Қала тұрғындарының белсенділігі арқасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер осы сервис арқылы түскен арыз негізінде жауапкершілікке тартылуда. Жақында қала тұрғыны eGov Mobile қосымшасы арқылы көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, апатты жағдай тудырғаны туралы полицияға хабарлап, жайттың бейнежазбасын жолдаған. Полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушының жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік шара қабылдады. Бұл факт – цифрлық сервис арқылы азаматтық белсенділіктің нақты нәтижесін дәлелдейді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тұрғындар полицияға құқық бұзушылықтар туралы хабарлауда жаңа сервисті белсенді пайдаланып келеді. Себебі, «Заң мен Тәртіп» сервисінің ерекшелігі – оның қарапайымдылығы мен қолжетімділігін төмендегі анықтамалардан аңғаруға болады.
- Тәулік бойы атқарылған жұмыс: Сервис 24/7 режимінде жұмыс істейді, бұл оқиға туралы ақпаратты полицияға кез келген уақытта ыңғайлы жеткізуге мүмкіндік береді.
- Қолжетімді енгізілген платформа: Арыз беру үшін eGov Mobile қосымшасын немесе бұл сервис қолжетімді болғандықтан, кез келген банк қосымшасынан ашу жеткілікті.
- Қысқа форма: Пайдаланушы «Заң мен Тәртіп» белгісін таңдап, құқық бұзушылық түрі мен оның орын алған жерін көрсетіп, қысқаша форманы толтырады. Ақпарат дереу полиция органдарына түсіп, жедел тексеру жұмыстары басталады.
Нәтижесінде, сервис іске қосылғалы бері Шымкент қаласының полициясына азаматтардан шамамен 1400 өтініш түскен. Өтініштердің басым бөлігі:
- Жол қозғалысы ережелерін бұзу.
- Жол-көлік оқиғалары.
- Өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар.
Азаматтардың осы сервис арқылы құқық бұзушылықтар туралы хабарлаудағы белсенділігі Шымкентте қоғамдық бақылау мәдениетінің жоғарылағанын, ал полицияның цифрлық технологияларды тиімді қолдануы құқық бұзушылардың жауапкершіліктен жалтару мүмкіндігін айтарлықтай төмендеткенін көрсетеді. «Заң мен Тәртіп» – бұл тек қосымша ғана емес, ол қаладағы қауіпсіздіктің жаңа кепілі.

