ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА БАСТАЛҒАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ ОСЫ БАҒЫТТА АРНАЙЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ЖҮРГІЗДІ.
Рейдтік жұмыстардың басты мақсаты – қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ заң талаптарын бұзушылықтарға жол бермей, алдын алу. Патрульдеу барысында полицейлер қоғамдық орындарда тыйым салынған әрекеттер жасаған бірқатар жастарды анықтады.
Рейд кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда шылым шеккен және қоқыс тастаған азаматтарға қатысты тиісті шаралар қолданып, оларға айыппұл салды. Бұл әрекеттерге жол берген азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормалары жан-жақты түсіндірілді.
Полиция Ескертеді:
- ӘҚБтК 441-бабы, 2-бөлігі бойынша қоғамдық орында, соның ішінде жабық ғимараттарда, саябақтарда және басқа да тыйым салынған жерлерде шылым шегу – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
- ӘҚБтК 434-бабы бойынша қоғамдық орындарды, қала аумағын, саябақтарды қоқыспен ластау және қоршаған ортаны бүлдіру – заңмен жазаланады.
Полиция департаментінің өкілдері тазалықты сақтау және заңға бағыну – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Қоғамдық тәртіптің бұзылуына және қаланың ластануына жол бермеу үшін рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырылатын болады. Әрине, «Таза Қазақстан» – бұл тек тазалау акциясы ғана емес, бұл қоғамдық ортадағы жауапкершілік пен мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды идеология. Шымкент полициясы барша қала тұрғындарын заңды құрметтеп, өз қаласын және өзі тқратын аумақты ұқыпты ұстауға, өзгелердің жұмысына мәдениеттілік танытуға шақырады.

