Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналған «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алған Шымкенттік тәртіп сақшылар, жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді профилактикалық шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл жұмыстар жасөспірім көп жиналатын орындарда – саябақтарда, қала көшелерінде және жазғы лагерьлерде – ерекше қарқынмен жүзеге асырылуда.
Жақында Шымкент қаласы Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері психолог мамандардың қатысуымен «Үш бұлақ» жазғы лагерінде жасөспірімдермен арнайы кездесу өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдерге қауіпсіздік ережелерін қарапайым тілмен, яғни олардың жас ерекшеліктеріне сай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында полицейлер жасөспірімдерге қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәселелеріне кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудың қауіптілігі жайында сөз қозғап, бейтаныс адамдармен сөйлесуге, олардан тәтті немесе ойыншық алуға, олардың көлігіне отыруға болмайтыны қатаң ескертілді. Күмәнді жағдайларда дереу ата-анасына немесе ересектерге хабар беру қажеттігі де түсіндірілді. Сонымен қатар, үйде, аулада немесе қоғамдық орындарда ересектердің қарауынсыз қалмаудың маңыздылығы да айтылды. Әсіресе, терезе алдында, балконда ойнамау, су айдындарына рұқсатсыз жақындамау керектігі ескертілді. Егер де өзіңнің немесе жасөспірімнің жоғалып кеткен жағдайына душар болсаң, дүрбелеңге түспей, жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне, дүкен сатушыларына немесе басқа да сенімді ересектерге көмек сұрап жүгіну керектігі үйретілді. Әсіресе, жолды кесіп өтпей, тек жаяу жүргіншілер өткелінен және бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде ғана кесіп өту керектігі түсіндірілді. Көлік құралдары саналатын велосипед, самокат және басқа да көлік құралдарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы мен қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш элементтері бар киім киюдің маңыздылығына назар аудар қажеттілігі де айтылды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, балалардың демалыс орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуы қатаң бақылауда және полиция қызметкерлері тарапынан тұрақты рейдтер жүргізіп, қауіпсіздік ережелерінің бұзылу фактілерін анықтау және алдын алу шараларын қабылдауда екен.

